«Олимпиада-2024»: 9 тамызда сайысқа түсетін қазақстандықтар

cover Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының 13-күні. Қазақстандық спортшылар бес спорт түрінде медаль үшін күреске түседі.

Еске сала кетсек, ойындар басталғаннан бері біздің құрама жеті медаль жеңіп алды — бір алтын, үш күміс және үш қола. Күміс жүлдегерлер қатарында балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай бар. 8 тамызда Демеу Жадыраев Париждегі чемпиондар саябағында спортшыларды құрметтеу рәсіміне қатысты.

Төменде бүгінгі олимпиадашылардың кестесі:

  • Тхэквондо: Ерлер (80 кг дейін), іріктеу, 12:00. Батырхан Төлеғали Исмаэль Кулибалиға (Мали) қарсы шығады.
  • Еркін күрес: Ерлер (125 кг дейін), алдын ала кезеңдер, 14:00. Жүсіп Батырмұрзаев.
  •  Байдарка мен каноэде ескек есу: Әйелдер, каноэ-екілік, 500 метр, финал В, 15:40. Мария Бровкова, Руфина Искакова.
  • Қазіргі бессайыс түрлерінен: Ерлер, жартылай финал, 16:00. Георгий Борода-Дудочкин.
  • Жеңіл атлетика: Әйелдер, 10 000 метр, финал, 23:57. Дэйзи Джепкемей.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар