Қоғамдық көлікте ер адам қара нәсілді азаматқа тіл тигізген (видео)

cover

Алматыда қоғамдық көліктердің бірінде ер адам қара нәсілді жолаушыға тіл тигізген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Тұрпайы көріністің куәгері болып қалған алматылық Искандер Махиянов жағдай 118-автобуста орын алды дейді.

– Абай көшесіндегі аялдамалардың бірінде шетелдік қара нәсілді жігіт менен екі метр қашықтықта артқы орындыққа жайғасты, бірнеше аялдамадан кейін ол автобус жүргізушісіне барды. Оның артынан азиялық нәсілді жігіт құлайын деп басқа ер адам еріп барды. Оның шалбарының ауы ашық болған. Ер адам қара нәсілді жігіттің артынан «Ниггер» деп айқалады, - деп жазды куәгер өзінің Facebook парақшасында.

Махияновтың айтуынша, шетелдік автобус жүргізушісінен көмек сұрап, жәрдем болмаған соң басқа орынға барып отырған. Ал ер адам оның артынан жүріп, ары қарай тұрпайы сөздер айтып, төбелеске шақырған.

Оқиғаның немен аяқталғанын желі қолданушысы білмейді.

– Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов  аталған факті бойынша айыпталушыларды анықтау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау арқылы тексеру іс-шаралары жүргізіледі, - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға бойынша ешкім қалалық полиция бөлімшесіне шағым түсірмеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар