Неге жаңа деменция эпидемиясы адамзатқа қауіпті?

cover

Коронивируспен ауыратын кейбір науқастарда пайда болатын шатасу жағдайына байланысты адамзатты деменция эпидемиясы жайлауы мүмкін. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл неврологиялық синдром ми жасушаларының зақымдалуын көрсетеді және тұрақты болуы мүмкін. Страсбургте (Франция) жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ауыр халдегі науқастардың 65 пайызы осы белгімен ауырған.

Иммануил Кант медициналық институтының психиатрия және неврология кафедрасының меңгерушісі Игорь Реверчуктің айтуынша, ұзақ уақыт мас болған, анестезия немесе гипоксия салдарынан адамдардың миы әлсірейді. Осыдан кейін тұрақсыз психикасы бар адамға немесе психотроптық заттарды ұзақ уақыт қолданған науқасқа қауіп төнеді.

«Ғылымда бұл церебральды дисфункция деп аталады. Ми температураның өзгеруіне, тоқырауға, көлікте ұзақ уақыт жүруге кері реакция білдіре алады», - деп түсіндірді ғалым.

Бұған дейін Джонс Хопкинс медицина мектебінің ғалымы коронавирус пандемиясы психикалық аурудың эпидемиясын тудырды деген қорытынды жасаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар