Нұрислам Санаев Олимпиада сыйақысын науқас балалар мен мұқтаждарға аударады

cover

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Нұрислам Санаев мемлекет тарапынан берілген сыйақыны науқас балалар мен мұқтаж жандарға арнамақшы. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Олимпиадада Санаев 57 келіге дейінгі салмақта күрескен болатын.

— Құрметті достар!

Қазақстанда спортпен айналысамын деген адамға бар мүмкіндік қарастырылған. Бұл президентiмiздiң спортқа деген оң көзқарасының нәтижесі... Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгінде сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!, - деп жазды спортшы  өзінің instagram парақшасында.

Нұрислам Санаев 2014 жылдан бері Қазақстанға қоныс аударған. Ол Ресейдің Тыва аймағының тумасы. Бұған дейін 2018 жылғы әлем біріншілігінің күміс, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар