Нұр-Сұлтанда көші-қон ХҚКО жабылады

cover

Еңбек мигранттары жұмысқа рұқсатты қаланың кез келген халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан хабарлады.

Хабарламада:

«Пилоттық жоба Қазақстан аумағында 22 маусымда іске қосылды. Қазірдің өзінде 1 қарашадан бастап еңбек мигранттары әдеттегідей қызмет көрсету орталықтары арқылы жұмысқа рұқсат алады.

Егер бұрын жұмыс істеуге рұқсат алу немесе ұзарту үшін астаналық мигранттар тек көші-қон ХҚО-на жүгінуге мәжбүр болса, енді олар кез-келген қалалық ХҚКО-да осы рұқсатты ала алады. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйелері Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі жүйелерімен біріктіріліп, сол арқылы алғашқы және дайын құжаттарды беру процедурасы жеңілдетілді», - делінген.

Мемлекеттік корпорация пилоттық жоба басталғаннан бері елордалық қызмет көрсету орталықтары арқылы еңбек қызметіне 6576 патент берілгенін хабарлады.

Жобаның қарапайым ХҚКО-да сәтті жүзеге асырылуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Иманова көшесі, 31 мекен-жайында орналасқан Нұр-Сұлтандағы көші-қон ХҚКО-ны жою туралы шешім қабылдады.Миграциялық қызмет көрсету орталығы 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды. Онда «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандары көші-қон полициясы қызметкерлерімен бірге «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар