Маңғыстауда қатарластары 8 жасар мектеп оқушысын ұрып-соқты

cover Фото: elements.evento

Маңғыстауда бала ойын алаңында соққыға жығылды. Бала екі жерінен аяғы сынған, бас жарақаты, сызаттар және гематомалармен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Ақтау қаласы тұрғынының айтуынша,  сәуір айының ортасында әпкесіне қонаққа келген, балалар апайының үйінде түнемек болған, ол келісіп, оларды сонда қалдырған. Жақсыгүл Исатаева қалаға оралған соң ғана туыстары телефон соғып, болған жайды айтты.

«Оқиға болған күні әпкем балаларды ойын алаңынан үйге шақыра бастайды. Менің екі балам бірден жауап бермеді, ал екі ересек бала көп ұзамай жараланған ұлымды көтеріп алып келген. Ұлымның айтуынша, оны  үш бала соққыға жыққан. Маңайда ойнап жүрген балалар атын атап, оның жергілікті емес екенін айта бастайды. Менің балам оларға сөзбен жауап берді. Біраз уақыттан кейін ұлым әткеншектен түсіп, інісінің қолынан ұстап, үйіне қайтпақшы болған. Сосын өзінен үлкен жігіттер оны ренжітті. Ауызша ұрыс-керіс болып, екі бала оны иығынан ұстап тұрып, үшіншісі  баламның қабырғасынан тепкен. Балам құлап қалып, қайта тұрып қаша бастағанда оны ұстап алып, тепкілеп, ұрған»,-  дейді баланың анасы.

Маңғыстау облысы полиция департаменті Исатаеваның ұлын соққыға шыққан балалардың бірі ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Баламның аяғына екінші ота жасалады»,-  деді Исатаева.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар