Маңғыстау облысында жол апатынан он адам қаза тапты
Фото: Pexels
11 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақиян ауданы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде жол апаты болып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан жолаушылар отырған шағын автобус жол жиегінен шығып, аударылып кеткен.
Сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
«11-қыркүйек күні Бекет-ата Шопан-ата тас жолында болған жол көлік оқиғасынан жарақат алған 3 жолаушы Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. 1964 жылғы туған ер адам және 1967 туған әйел адам жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайлары ауыр. Сонымен қатар, 1960 жылы туған әйел адам аурухананың травматология бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр. Дәрігерлер қарап бақылап, жағдайларын тексеріп отыр», деп хабарлады Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасы.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды