Әлішер Кәрімов қазақты неге менсінбейді?

cover

«Қазақстан» ұлттық арнасында «Егіз-лебіз» жобасының жүріп жатқанына біраз болды. Бұл халық күтіп көретін, көрермен көңілінен шығып келе жатқан үздік бағдарлама. Десе де, соңғы шығарылымдағы бір қатысушының образы мүлде ұнамады.

Қатысушылар бұл жолы қазақтың халық әндерін орындады. Құлаққа сіңген әдемі халық әні әуелеп, құлақ құрышын қандырды. Әдемі әуенмен бірге, ұлттық киімдерге де бұл кеште көз сүйсінді. Десе де, Сәкеннің «Тау ішінде» әнін айтқан Әлішер Кәрімовтен мұны көре алмадық. Өзінің талдырмаш сұлулығымен қазақы киімде келісті шыққан Әлия Әнуарбектің образында еш мін жоқ.

Алайда Әлішер Кәрімовтың киімі өз жұбымен үйлеспеді. Тақырып - қазақ әндері. Ендеше, неге бұл қатысушы әнге сай киінбеген?! Әлішер бір сәтке «қазақ болуға» намыстанып, ұлттық киім киюден неге бас тартты екен? Әлде жоба ұйымдастырушылары қазақ әніне осы образды лайық көрді ме? Дәл солай болса, мұны ұйымдастырушылар жұмысының шалалығы деп білеміз.

Бұл әнші өзге емес, қазақ эстрадасының тұнығынан сусындады. Өсті, көтерілді, танымал болды. Нанын тауып жеп отыр. Қазақ халқының қолпаштауымен сахна төріне көтерілген әртістің неге қазақылықты намыс көретіні түсініксіз. Әлішер Кәрімовтың киіп шыққан киім үлгісін қазақты менсінбеушілік, қазақты сыйламау деп ұқтық. Қауіпті аймаққа шыққан себебі де содан болған шығар. Ал қобалжып тұрған Әлияға шын жанымыз ашыды. Жанындағы жұбының сәтсіз образы, оған көп кеселін тигізген сыңайлы. Десе де, даусы мен сұлулығы жағынан өзге әншілерден еш қалыспайтын актрисаның бағын ашатын Әлішер емес, өз таланты деп ойлаймыз.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар