Әлеуметтік желі үшін болып жатқан талас

Соңғы жылдары елімізде блогер мен журналист ұғымын салыстырушылар көбейген. «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистерді қолдайтындар болса, бірі блог саласын жүргізушілерге өз дауыстарын береді.
Қазақстандағы журналистика тарихы сонау XX ғасырда өз бастауын алса да, бір ғасыр салып ортаға қосылған блогерлермен бір деңгейде. Оның себебі не? Журналистер жолын не тежейді?
- Журналист мәртебесі. Себебі, сонау университет кезінде мамандар абай болуды үйренеді.
- ҚР «БАҚ туралы Заңы». Таяқтың екі ұшы бар, бірі- журналист құқығын реттесе, екіншісі- оның демін тарылтады.
Осының салдарынан журналист ойын ашық және батыл жеткізе алмайды, «блогерлер журналистерге қарағанда еркін ойлайды» деген пікірлер қалыптасқан.
Блогер болып жүрген журналист бар, ал журналист болып жүрген блогер жоқ

Ермұрат Бәпи, "ДАТ" басылымының жетекшісі, журналист:
«Соңғы кезде коммуникативті технологиялардың шапшаң дамуынан туған өтпелі қызғаныштың салдарынан блогерлер мен журналистерді салыстыру пайда болған. Қазір журналист өз кәсібінде жолдан қосылған блогерді мойындамайды.
Негізі блогер деген кім? Санқилы мамандық пен әлеуметтік ортаның өкілі. Ал журналист - өзінің кәсіби саласында арнайы білімі бар, журналистика теориясы мен практикасын оқыған, игерген маман. Енді осы оқыған маманның тамағын тартып алып жатса, адами қызғаныштың туу әбден мүмкін. Салыстыру арқылы бір-біріне қарсы қоятын қазір трендтер бар.
Қазір блогер болып жүрген журналистер аз емес. Мәселен, фейсбуктағы достарымның көпішілігі журналистер. Солардың жазбаларына қарап отырамын. Әлеуметтік желілерде өзінің блогерлік қырын Дина Елгезек, Серік Әбікен, Серік Аббас-Шах, Бибігүл Дәулетбекқызы жақсы көрсетіп жүр. Журналистер өзінің блогерлік қырымен көпішілікке танымал. Блогердің журналист болып кеткенін білмеймін. Түптеп келгенде екеуі де жазудың адамы. Екеуінің аражігін ажыратып, теориялық анықтама беру арнайы ғалымдардың міндеті болса керек. Ол журналистиканы зерттейтін ғалымдарға керек. Мүмкін болашақта блогерлікті де пән ретінде өтер. Халыққа екеуінің де зияны жоқ. Халық үшін олар - мұң-зарды жеткізуші «жазушы». Одан артық анықтаманың қажеті жоқ. Ең бастысы қоғамдық ортадағы, елдегі проблеманы қоғамдық пікір ретінде қалыптастырып, проблеманы жоюға ықпал ететін болса оның еш айырмашылығы жоқ».
Журналист «блогер» болғанымен, ойын-сауық алаңдарында өзіне аудиторияны қарата алмайды.
Бұл алаңда блогер несімен ұтады?

Сабина Санбер, «@sanber.agency» ұйымының басшысы, СММ-маман:
«Менің тәжірибемде бізге журналистер көмек сұрап келмеген. Кәсіби мамандарға әлеуметтік желіде атақ керек деп ойламаймын. Олардың өзінің алаңы бар. Блог жүргізетін журналистке ешқандай маман керек емес. Себебі журналистің өзі - бір мамандық.
Әдетте, SMM агенттіктеріне жаңадан блог ашушылар немесе өзге мәселелер бойынша блог жүргізе алмайтын блогерлер хабарласады.
Әлеуметтік желіде журналист ресми ақпараттық немесе идеологиялық бағытта ақпарат таратады, ал блогерлер ойын-сауықтық контент ұсынады. Желіде сұраныста - көңіл көтеретін контент. Осының салдарынан, кәсіби мамандар аздап ұтылып жатыр. БАҚ өкілдері ақпараттық көңіл көтеретін бағытқа икемделмесе оқырмандарын ұстап тұра алмайды.
Сондықтан да, бұл алаң мынанікі деуге келмейді!».
Осы орайда, қазіргі таңда блогердің ықпалы журналистке қарағанда басым ба?
Ержігіт Сегізбай, заңгер:
«Журналист пен блогерді салыстыруға болмайды. Журналист құқығын реттейтін «БАҚ туралы Заң» бар, блогердің құқығы мен мәртебесіне байланысты ешқандай заң жоқ.
Кәсіби маман болу үшін сіз диплом алуыңыз керек. Ал блогерге ешқандай диплом қажет емес. Блог саласы бізге жаңадан келгендіктен, заң қарастырылмаған. Соған сәйкес, блогердің заңды мәртебесі берілмеген. Қазір бұл сала қарқынды дамып келуде. Еуропа мен АҚШ елдерінің тәжірибесіне қарай, түрлі ұсыныстар қарастырылып жатыр. Бәрі бірден болмайды, болашақта реттеледі. Заңды тұрғыда бұл сала реттелсе, пайдасы көп болар еді. Оның жауапты іс екенін ұмытпау керек.
Бірақ, қоғам болғаннан кейін әлеуметтік ортаны да заң айналып өтпейді. Әлеуметтік желі қолданушыларымен түрлі іс қозғалады, олар ашық жарияланбайды. Себебі, арыз түскеннен бастап түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін, көбіне конфедициалды ақпарат болады.
Сонымен қатар, айта кетейін, әлеуметтік желілерде ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстар жиі тіркеледі. Көбіне Гив ойнату кезінде қылмыстар орын алады. Бірнеше іс қозғалғаннан кейін әлеуметтік желідегі мұндай ойындар азайған».
Онда қиналып төрт жыл оқымай, блог бастап кету дұрыс емес пе?
«Журналистің табыс көзі гонорар мен жалақы. Ал блог саласында бәрі оқырман санына байланысты деген түсінік бар, бірақ аз аудиториямен де жарнама сату арқылы, ақпараттық тауарды өткізу және ГИВ арқылы табыс табуға болады», - дейді Сабина Санбер.
Сонда мамандарға алғашқы төлем жасап, екі есе табыс табуға бола ма?

Диана Кулакеева, @qammaladin.media басшысы, маркетолог:
«Блогерлер әмбебап маман. Әдетте, олар тек жүргізіп үлгермеген кезде СММ мамандарға жүгінеді. Блогер жазады, визуал жасайды, яғни, шығармашылық процесске басынан аяғына дейін қатысады».
Журналистика тарихы көпке аяң, ал блогосфера туралы не білесіз?

Сонымен, әлеуметтік желі кімнің алаңы?






«Екеуін үйлестіріп қиналудың еш қажеттілігі жоқ. Ол табиғи жолмен өзі-ақ реттеледі.
Қоғамдық құбылыстар мен елде болып жатқан әлеуметтік-саяси мәні мен проблемасына қатысты ой бөлісіп жүрген журналист болсын, блогер болсын даланы жемтіктен тазалайтын қасқырға ұқсас, жаңа трендтегі әлеуметтік санитарлар. Екі сала осы жерде ұштасады.
Олар қоғамдағы құбылыстар мен болып жатқан оқиғаларға, әлде бір жағдайларға байланысты пікір тудыратын, жалпы қоғамдық пікір қалыптастыратын әлеуметтік күш. Журналист пен блогерде ортақ мақсат болу керек. Жекеленген блогерлер әлеуметтік топтың жыртысын жыртып кететін жағдайлар жиі кездесіп жүр. Олар әлдебір әлеуметтік топтың немесе саяси күштердің мүддесін қорғап, жалпы қоғамдық ортақ халықтық мәселені екінші кезекке қоятын жағдайлар бар. Сол сияқты журналистер де өзінің құрылтайшысы белгілеп берген редакциялық саясат шеңберінен шыға алмайды. Әсіресе биліктің байлауында отырған басылымдар мен медиалардың журналистері редакторы белгілеп берген әлеуметтік-саяси шеңбердің сыртына шыға алмайды», - дейді Ермұрат Бәпи.
Екеуі де жазушы. Екеуі де маман. Екеуінің де мақсаты бір. Онда бәсекелестік қайдан?
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты