Қытай азаматтары Қорғаста притон мен ойынхана ұйымдастырған

cover Фото: видеодан кадр

Қорғастың Қазақстан жағында алты астыртын ойын мекемесі мен жезөкшелер үйі анықталды.

Бұл туралы Қаржы млниторинг агентігі хабарлайды.

Заңсыз әрекеттерге Қаржы мониторингі агенттігінің, прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және полиция қызметкерлері тосқауыл қойды.

«Бұл астыртын ойын орындары түнде шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда, тек Қытай азаматтары үшін жұмыс істейтіні анықталды»

Тінту кезінде тәртіп сақшылары 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен 60 мың юань (шамамен 3,6 миллион теңге) тәркілеген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар