Құтырған «жұлдыздар» құрықтала бастады

cover Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа Алматы облысында 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды тілшіміз.

Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны туралы ақпаратты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Toyota Camry автокөлігін тексеру кезінде жүргізушінің көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Көлік қамауға алынған жерге жеткізілген кезде KIA Carnival көлігі тоқтады, оның жолаушысы  М., полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, тәртіп бұзушыны тіркеуге кедергі келтіре бастады», - деді Алматы облыстық ІІД басшысы Бауыржан Әленов. 


Анықталғандай, мас ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп,  бағынбаған. Camry жүргізушісі 10 тәулікке, ал KIA жолаушысы да бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

Бұған дейін де желіде Қонаев қаласында полицейлер әнші Әбдіжаппар Әлқожаны зорлық-зомбылық көрсеткені үшін ұстағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Қайрат Нұртас ұшақ бортында тәртіпсіздік танытып, төбелес шығарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұған дейін шоумен Тұрсынбек Қабатов мас күйінде ұшақта төбелескені үшін бес тәулікке қамауға алынған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар