Құлсарыда автобус бағанаға соғылып, алты адам зардап шекті
Фото: Pexels
12 маусымда Атырау облысында орналасқан Құлсары қаласында қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Апаттан алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Полиция мәліметіне сәйкес, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай көше шамдары мен жылдамдықты бақылайтын «Арқан» камерасын ұстап тұрған бағанаға соғылған. Соқтығыс кезінде автобус салонында жолаушылар болды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан әр түрлі дене жарақаттарын алған алты жолаушы Жылыой аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, оларға қажет ем көрсетілді. Апатқа қатысты тиісті сызбалар жасалып, құжат жиналды», деген мәлімет берді Атырау облыстық полиция департаменті.
1974 жылы туған автобус жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабындағы әкімшілік хаттама толтырылды.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жай-күйі тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ. Бәрі ауруханадан шықты.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды