Қостанайда әйел босанғаннан кейін терезеден секірді

cover Фото: colodu.club

Қостанайда 28 шілде сегізінші қабаттың терезесінен әйел секіріп, қайтыс болды. Қайғылы оқиға Быковский көшесі 3 "а" мекен жайы бойынша, сағат 10:00 шамасында көпқабатты үйде болды.

Оның үйде екі баласы қалды. Бір бала бір айлық, ал екіншісі — 2017 жылы дүниеге келген. Оқиға кезінде күйеуі балық аулауда болған.

Жедел жәрдем қызметкерлері биологиялық өлім туралы хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар