Коронавирус таралуы бойынша «қызыл» аймақ жаңартылды

cover

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Қазақстанда өткен тәулікте 2436 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Жалпы, пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны – 425 573.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар