Коронавирус құрбандарын еске алу

cover

Қатыгез індет. Пандемия бір жыл ішінде 3 миллионнан астам адамның өмірін қиды. Қазақстанда Covid 19-дан 3 315 адам қайтыс болды. Олардың арасында жазушылар мен әскерилер, журналистер мен спортшылар, дизайнерлер, актерлер мен дәрігерлер. Көзі тірісінде Қазақстандықтардың құрметіне ие болған, ал қайтыс болғаннан кейін – тарихта қалған танымал адамдар бар.

Orda.kz марқұмдарды еске алу мақсатында материал дайындады.

Гүлназым Нұрғалиева

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

Белгілі педиатр Гүлназым Нұрғалиева 22 сәуірде дүниеден өтті.

Асфендияров атындағы медициналық институтты 1981 жылы бітіріп, Арыс қаласына кеткен. Содан кейін Шымкент пен Алматыда жұмыс істеді. Балалар оны Галя тәте деп атайтын. Кішкентай пациенттердің ата-аналары ол кісіге көп дұға етті.

Гүлназым Нұрғалиева екі рет «Алтын дәрігер» орденімен және Ave Vitae орденімен марапатталған.

Анатолий Злотников

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

2020 жылдың 27 маусымында Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының тұңғыш президенті Анатолий Злотников қайтыс болды. Ол 82 жаста еді.

90-шы жылдары Қазақстан Хоккей Федерациясын басқарды, кейін шайбалы хоккей федерациясы төрешілер алқасының төрағасы болды, «ҮМЗ - Алтай» волейбол клубын басқарды. Анатолий Злотников халықаралық аренада қазақстандық хоккейдің дамуына зор үлес қосқан азамат.

Қуандық Шамахай

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

2020 жылы 29 маусымда журналист Қуандық Шамахай дүниеден озды. Ол кісі 60 жаста еді.

Ол Моңғолияда дүниеге келген. Қазақстанға 1993 жылы көшіп келді. Журналист болып жұмыс істеді, түрлі қазақстандық басылымдарға жетекшілік етті. Шамахай - Моңғолия Журналистер Одағы және Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Халықаралық журналистер одағының мүшесі болатын.

Диас Омаров

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

Спорт журналисті және комментатор Диас Омаров 2020 жылдың 5 шілдесінде қайтыс болды. 80 жасқа толуына бірер ай қалған болатын.

Диас Ілиясұлы алматылық «Қайратта» ойнады. 1966 жылы Қазақ радиосынының спорт комментаторы болды, 1998 жылдан бастап «Хабар» телеарнасында жұмыс істеді. Қазақстандық спорт журналистикасының шебері туралы әріптестері оның қайырымды адам, зиялы және мықты журналист болғанын айтады.

Мұрат Мұқашев

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

Nomad Stunts актері және каскадер Мұрат Мұқашев 51 жасында 2020 жылдың 5 шілдесінде қайтыс болды.

«Белый автомобиль», «Мой дом на зеленых холмах», «Братья», «Кто вы, Господин К?», «Обратная сторона», «Марко Поло», «МакМафия» және «Всемогущий» фильмдеріне түскен.

Берік Исмаилов

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

Дизайнер Берік Исмаилов 51 жасында 2020 жылдың 7 шілдесінде қайтыс болды. Үш жыл бұрын оған күрделі жүрек операциясы жасалған. Бір ауруды жеңіп, екіншісіне тап болды.

Исмаилов 1994 жылы Алматыда сән үйін құрды. Көптеген танымал суретшілер мен тележүргізушілер оның қолынан шыққан киімдерін таласа киді. Пандемия басталған кезде ол кісі маска тігіп, мұқтаж адамдарға тегін таратты. Қайырымдылық эстафетасын ұйымдастырып, әріптестеріне жолдап отырды.

Дархан Дайырбек

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

Актер Дархан Дайырбек 2020 жылдың 8 шілдесінде қайтыс болды. Ол 52 жаста еді.

Халықтын есінде оның «Әкім», «Құдалар», «Сәбина келін — 2», «Бес күндік келін», «Ограбление по-казахски», «Досье Тамады», фильмдеріндегі рөлдері қалды. Оның соңғы жұмысы «Карантин» сериясындағы басты рөл, онда ол коронавирусқа сенбейтін блогерді сомдады. Бұл түсірілім соңғы болады деп ешкім ойлаған жоқ. Актер ойнаған көптеген фильмдер комедия жанрында еді.

Еділ Ерғожин

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

Химия ғылымдарының докторы, профессор Еділ Ерғожин 2020 жылдың 9 шілдесінде қайтыс болды.

Ол «тотығу-тотықсыздану полимерлері» іргелі ғылыми мақаласын жариялаған қазақстандық химиктердің алғашқысы, ҚазМУ ректоры болды, химия ғылыми-зерттеу институтын басқарды. Білім Министрінің орынбасары болып жұмыс істеді, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеген жұмыс тобын басқарды.

Еділ Ерғожин 13 химия ғылымдарының докторын, 95 кандидат пен 4 PhD докторын дайындады.

Кеңес Дүйсекеев

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

Көрнекті композитор және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев 2020 жылдың 9 шілдесінде қайтыс болды, ол 74 жаста еді.

Композитор «Гүлдер» ансамблінің жетекшісі және бас дирижері болды, «Қазақконцертті» басқарды, Қазақ радиосы мен теледидарында музыкалық бағдарламалардың бас редакторы болды.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерін алды.

Композитор көптеген танымал фильмдер мен театр қойылымдарына музыка жазды. Шөмішбай Сариевпен достықтың нәтижесінде әйгілі «Салем саған, туған ел» ән жинағы мен «Еркеледін сен» әні шықты. Дүйсекеев - «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» поэма-картинасының, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклдерінің, «Алдар көсе» опереттасының авторы.

Олег Исаев

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус
Фото: zakon.kz

53 жасында 2020 жылдың 10 шілдесінде анестезиолог-реаниматолог Олег Исаев өмірден өтті.

Медицинаға өмірінің 26 жылын арнады. Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасында еңбек етті. 2008 жылы анестезиология және жансақтау бөлімінің меңгерушісі болды.

Әріптестер оны нағыз кәсіпқой және үлкен жүректі адам ретінде еске алады. Ол қайтыс болғаннан кейін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын, Алтын жұлдыздың айрықша белгісі мен «Отан» ордені берілді.

Салтанат Рахымбекова

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

2020 жылдың үшінші тамызында Азаматтық альянс президенті, профессор, қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова қайтыс болды.

Ол Қазақстанның Азаматтық альянсын ұйымдастырушылардың қатарында болды, ТКШ ұлттық палатасы президиумының, «Жасыл» коалицияның және Қазақстан әйелдері Аграрлық одағының басқарма төрайымы болды.

Қазис Тоғызбаев

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

Журналист Қазис Тоғызбаев ковид ауруханасынан шығарылғаннан бес күн өткен соң қайтыс болды. 2021 жылдың 28 ақпанында жүрегі тоқтады. Ол 72 жаста еді.

Ол әскери қызметтен кейін фотография мен журналистикаға қызығушылық танытқан. Түрлі «Сөз», «Азат», «Азаттық» бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Кub.info беттерінде өзінің фоторепортаждарын жариялаған. 2007 жылы демократиялық құндылықтарды ілгерілетуге қосқан үлесі үшін «Бостандық» сыйлығын алды.

Журналистер оны ең жақсы автор, сезімтал және беделді адам дейтін.

Қатауолла Ашығалиев

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

2021 жылдың 23 сәуірінде 74 жасында Батыс Қазақстан маслихатының депутаты Қатауолла Ашығалиев дүниеден өтті.

Қатауолла Ашығалиев ет және сүт бағытындағы ІҚМ өсірумен, құс шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен және өнімді қайта өңдеумен айналысатын «Ақас» ауыл шаруашылығы агрохолдингін басқарды.

Дастан Қадыржанов

Covid-19 и ушедшие в мир иной: кого не пощадил коронавирус

2021 жылдың 24 сәуірінде қазақстандық саясаттанушы Дастан Қадыржанов дүниеден өтті. Ол 54 жаста еді.

Қадыржанов «Отан жүрегі» және «Жақсы және мейірімді жігіт туралы әңгіме» кітаптарының авторы болды. Ол сонымен қатар БАҚ-қа мақалалар жазды. Таныстары, оқырмандары мен әріптестері ол туралы керемет сарапшы және тәуелсіз ойшыл адам екенін айтады.

ред. Кенеттен тап болған індет ел аузындағы адамдарды ғана емес, қарапайым қазақстандықтарды да аямады. Уақыт өте-келе жағдай дұрысталып коронавирус тек естелік болып қалады деген үміттеміз. Orda.kz редакциясы оқырмандарына және барша қазақстандықтарға деннің саулығын тілейді. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.

Автор: Милана Калияс
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар