«Көрісу» дәстүрінің тарихы
Фото: ЖИ
14 наурыз «Көрісу» күні. «Наурыз» мерекесінің аясында болатын бұл мерекенің қазақтар, әсіресе батыс өңірдегі тұрғындар ерекше тойлайды. Жалпы бұл мерекені қандай ерекшелігі бар? «Бір жасыңмен» деген сөз қандай мағына береді?
Orda.kz тілшісі тақырыпты тереңінен қаузап, бұл мереке туралы түсінікті назарларыңызға ұсынады.
Көрісу – қазақ халқының ежелден келе жатқан ерекше салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр көбіне Қазақстанның батыс өңірлерінде кеңінен сақталған. Көрісу күні жыл сайын 14 наурызда атап өтіледі және ол көктемнің келуін, адамдардың бір-бірімен қауышуын білдіреді. Аталмыш дәстүрдің тарихы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Бұрынғы заманда қазақ халқы қыс мезгілін әртүрлі қыстауларда өткізіп, бір-бірінен алыс өмір сүрген. Қыст уақытындағы климатқа байланысты адамдар сирек кездескен. Көктем келіп, күн жылыған кезде ауылдар бір-біріне барып, аман-саулық сұрасып, ұзақ уақыт көріспеген туыстар мен таныстар қауышқан. Осылайша «Көрісу күні» пайда болған.
Көрісу күні адамдар бір-бірінің үйіне барып, қол алысып немесе құшақтасып амандасады. Олар «Бір жасыңмен!» немесе «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтады. Бұл сөздер жаңа жылдың басталуын және адамның тағы бір жасқа толғанын білдіреді.
Бұл күні үлкендерге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіру ерекше маңызды. Жастар үлкендердің үйіне барып, сәлем беріп, батасын алады. Үй иелері қонақтарға дастархан жайып, ұлттық тағамдар ұсынады. Осы арқылы адамдардың арасындағы сыйластық, бірлік және татулық нығаяды. Қазіргі уақытта көрісу дәстүрі қайта жаңғырып, бүкіл Қазақстанда кеңінен атап өтіле бастады. Бұл дәстүр халықтың мәдени мұрасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан маңызды құндылықтардың бірі.
Неліктен Қазақстанның батыс аймағы бұл мерекені ерекше тойлайды?
Астана, Алматы сынды үлкен қалаларда әр аймақтан жиналған адамдарға, әсіресе студенттерге бұл мереке таңсық болады. Батыс өңірінің адамдары оларға: «Бір күніңмен» деген сөзді айтса, түсініспеушілік болатыны таныс жағдай. Осы тұста көбінің көкейіндегі неліктен «Көрісу» мейрамы тек батыс өңірінде ғана тойланады деген сұрақ туындайды. Көрісу дәстүрінің Батыс Қазақстанда кең сақталуының бірнеше тарихи себептері бар.
Біріншіден, көшпелі өмір салтының ерекшелігі. Бұрын қазақтар қыста әртүрлі қыстауларда, бір-бірінен алыс орналасып өмір сүрген. Қыстың суығы мен боранды күндері адамдардың бір-біріне баруы қиын болған. Көктем келіп, күн жылына бастағанда адамдар қайта араласып, туыстары мен көршілеріне барып амандасқан. Осылайша көктемнің басында арнайы көрісу дәстүрі қалыптасқан.
Екіншіден, географиялық жағдай. Батыс Қазақстанда көктем басқа аймақтарға қарағанда ертерек келеді. Сондықтан бұл өңірде 14 наурыз көктемнің басталуын білдіретін күн ретінде қабылданған. Сол себепті адамдар осы күні бір-бірімен көрісіп, жаңа жылдың басталуын қарсы алған.
Үшіншіден, дәстүрдің сақталуы. Кеңес дәуірінде көптеген ұлттық салт-дәстүрлер ұмыт бола бастағанымен, Батыс Қазақстанның кейбір ауылдарында бұл дәстүр үзілмей сақталған. Сол себепті бүгінгі күні көрісу дәстүрі ең көп осы өңірде тойланып келеді. Ал қазіргі кезде көрісу күні тек Батыс Қазақстанда ғана емес, бүкіл елде танымал болып, ұлттық дәстүр ретінде кеңінен атап өтіле бастады.
Құрметті оқырмандар! Orda.kz редакциясы баршаңызды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасатын, татулық пен мейірімді дәріптейтін ерекше дәстүр. Ата-бабадан келе жатқан осы ізгі салт әр шаңыраққа береке, бірлік пен жылылық әкелсін. Жаңа жасыңыз құтты болсын! Әр отбасыға амандық, денсаулық, мол бақыт пен бақ-береке тілейміз.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Наурызға арналған тілектер мен баталар
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды