Қопадағы оқушы өлімі: кінәлілер түрмеден босатылды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысының Қопа ауылында 9-сынып оқушысы Нұржан Сыдықтың өліміне қатысты сотталғандардың барлығы жазасын бостандықта өтейтін болды. Апелляциялық сатыда үкім жеңілдетіліп, қамауда отырған үш жасөспірім де абақтыдан босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады. Іс бойынша барлығы 6 айыпталушы бар, олардың барлығы — жоғары сынып оқушылары. Барлығы 13 адам жәбірленуші деп танылса, соның бірі — 14 жастағы Нұржан Сыдық алған соққыларынан қайтыс болды. Кәмелетке толмағандардың ісі жабық режимде қаралды.
«Б», «Т», «Ж», «Ж-1», «Қ» есімді сотталушылар Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтары (топ болып бірнеше рет бұзақылық жасау) және 28-баптың 3-бөлігі, 106-баптың 3-бөлігі (қасақана денсаулыққа зиян келтіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша айыпталды. Ал «М» есімді сотталушы ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қопа ауылындағы оқушы өліміне қатысты бірінші сатыдағы сот үш оқушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырған болатын. Тағы үш жасөспірім ауыр айып бойынша ақталып, «бұзақылық» бабымен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген еді. Сонымен қатар, сотталушылардың бірінің ата-анасына жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.
Апелляциялық іс жәбірленуші тараптың адвокаттары мен сотталғандардың және олардың заңды өкілдерінің шағымдары негізінде қаралды. Шағым иелері сотталушылардың кәмелетке толмағандығын, кінәсін мойындағанын және жәбірленуші тараппен медиациялық келісімге келгенін ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұраған.
Апелляциялық сот үкімді өзгертіп, Қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде сотталғандардың жазасын шартты деп белгіледі. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысының Темір ауданында болған еді. Қопа ауылында жоғары сынып оқушылары 9-сынып балаларын соққыға жыққан. Соның салдарынан бір оқушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы жағдайдан кейін мектеп директоры мен аудандық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті. Аудан әкімі мен облыстық білім басқармасының қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.
Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды