Көкшетауда басшысының мәйітін көлігінде сақтаған қызметкер ұсталды
Фото: DALL-E
Көкшетауда 41 жастағы Жанболат Кенжахметовтің денесі көліктің жүксалғышынан табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жанболат 8 мамырда жоғалып, он күннен кейін өлі табылған. Марқұмның туыстарының айтуынша, ол жұмыс орнында өзінен кіші, 23 жастағы қол астындағы қызметкерімен жиі сөзге келіп жүрген.
«Бәрін алдын ала жоспарлапты. Ыңғайлы сәтті күткен, бірнеше ай бойы соны ойлап жүрген. Жалғыз әрекет етпеген. Өзі ойынға әуес еді», — дейді марқұмның анасы Халида Игелдиева.
Тергеу деректеріне қарасақ, 8 мамырда, сағат 15:00 шамасында Жанболат әріптесінің көлігіне отырған. Көлік жүргізушісі оны қала шетіндегі гараж жаққа алып кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Тергеушілердің болжамынша қылмыс сол жерде жасалған.
Күдікті марқұмның денесін бірден жасырып үлгермеген. Мәйіт көлік ішінде бір тәулік жатқан.
Жанболаттың жоғалғаны туралы полицияға 11 мамырда хабарланған. Әкесі баласының жұмыстан кейін әріптесімен бірге автоқалашық жаққа кеткенін, содан бері хабарсыз екенін айтқан.
Полиция жедел іздестіру жұмыстарын бастап, куәгерлерден жауап алып, қонақ үйлер мен жалдамалы пәтерлерді, бос қалған ғимараттарды тексеріп, бейнебақылау жазбаларын саралаған. Осы жұмыстардың нәтижесінде марқұмның қайда болғаны мен өліміне байланысты жайттар анықталды. Күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, Ұлытау облысында тұрғын үйдің кіреберісінде қызға шабуылдаған ер адам оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды