Келіншек қызын құтқарамын деп, өзі суға батып кетті

cover Фото: Ақмола ТЖД

Қайғылы оқиға Целиноград ауданында орын алды. Анасы өзенге қызын құтқару үшін түсіп, өзі батып кетті.

Бұл туралы Orda.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Апат 8 маусымда балық аулау кезінде шамамен 13:00-де Нұра өзенінде болған. 10 жасар қыз анасының рұқсатымен суға кірген, бірақ ағысқа қарсы тұра алмаған.

Фото: Ақмола ТЖД

Қызының көмек сұрап жатқанын көрген 43 жастағы әйел баласын құтқаруға асыққан. Бірақ өзі суға батып кеткен. Мектеп оқушысы жабайы өсімдіктердің бұтақтарын ұстап үлгеріп, көмекке шақырған. Қыздың даусын жергілікті тұрғын естіп, баланы судан шығарып алған.

Ал қыздың анасының мәйітін құтқарушылар кешкі 19:30 шамасында тапты.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан су арналары маңында мүмкіндігінше абай болуды және жабдықталмаған жерлерде шомылмауды сұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар