Кедейлікпен күресу үшін жемқорлықты жеңу керек – экономист
Жақында ғана бізде халық санағы болып өтті. Қазақстан тұрғындар саны 19 миллионнан асқан. Ел адамдарының саны көбейіп жатыр, ал халықтың кедей немесе бай санатқа жататыны белгісіз. Себебі бірі ең төменгі жалақыны алса, енді бірі шетсіз, шексіз қаражат табады. Кедейлік дегенде алдымен Африкадағы халықтың жағдайы көз алдымызда көлбеңдеп тұрады. Халық саны 19 миллионнан асқан Қазақстанның кедейлік деңгейі қандай? 30 жыл тәуелсіз болған елде кедей тұратындар бар ма?
Orda.kz тілшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін экономист Арман Байғановпен тілдесіп көрді.

Экономисттің айтуынша, кедейлік деңгейін анықтау үшін әлемдік банк күндік кіріске қатысты нақты сомманы бекітіп қойған. Бірақ, ол кедейлік деңгейінің анық көрсеткіші бола алмайды.
– Қазақстанда кедейлік деңгейіне ең төменгі күнкөрісті жатқызу деген түсінік бар. Ол осы жылы 33-34 000 теңге құрайды, бірақ ол әр уақытта ауысып отырады. Бірақ бұл үкімет көрсеткен белгілі бір статистикалық ақпарат. Әлемдік банк егер адамның күндік табысы 5,5 АҚШ долларынан кем болса онда ол кедей қата на жататынын бекіткен. Бірақ, әр елдегі баға әртүрлі болғандықтан оны нақты ақпарат деу қате. Нақты ақпарат көрсетілмейді. Сонымен қатар ол ақпарат жаңартылмайды, - дейді Арман Байғанов.
2018 жылғы әлемдік банк статистикасына сәйкес, Қазақстан халқының 5%-ы ғана кедейлік деңгейінде өмір сүреді. Экономист бұл пікірмен келіспейтінін алға тартты.
– Кедейлік деңгейі жоқ елдер ол Еуропа елдері: Норвегия, Дания, Словакия. Ең кедей елдер қатарына Африка континентінің барлық елі жатады. Әлемдік банктің орташа анализіне сүйенсек, әлемде шамамен 44% ел кедейлік алдында тұр. Кедейлік деңгейін анықтау үшін көптеген дүниелерге назар аудару керек. Әлемдік банктің 2018 жылғы көрсеткіші бойынша Қазақстанда кедейлік деңгейінде 5% халық өмір сүріп жатыр. Бірақ, оны да нақты ақпарат деуге болмайды. Қазақстанда ауылды мекендер 40 пайыз дейтін болсақ, халқының басым бөлігі өз ісімен айналысатын адамдар, сол үшін де бізде 5% емес одан да көбірек. Әлемдік банк Қазақстандағы кедейлік деңгейінің көрінісін көрсете алмайды, - деп қосты ол.
Қазақстанды жан басына шаққанда кірісі төмен деп саналатын екі облыс бар екен. Арман Байғанов оған өндірістің болмауы себеп деп түсіндірді.
– Қазақстанда табысы төмен белгілі бір елді мекендер бар. Ең төменгі табыс Жамбыл облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында. Оларда өндіріс дамымаған. Жамбыл облысы ауыл шаруашылығымен күн көреді. Ол жақтарда көбіне ауылды елді мекендер болғандықтан, ең төменгі табысты көрсетеді. Біздегі орташа жалақы мөлшері 232 347 теңге деп белгіленген. Бізде белгілі бір адамдар көрсетілген соммадан өте көп ақша табады, ал халықтың басым бөлігі аз табады. Сол үшін де орташа жалақы деп осы сомманы көрсеткен, - дейді экономист.
Экономисттің пікіріне сәйкес, кедейлік деңгейін жою үшін көлеңкелі экономика мен жемқорлықты жеңу керек.
– Кедейлікпен күресу үшін көлеңкелі экономика мен жемқорлықты жеңу керек. Ол екеуі байларды байытып, кедейлерді кедейлендіріп жібереді. Екіншіден, экономикалық реформа жасау керек. Шағын және орта бизнестерді арттыруымыз керек. Осы бағытты дамытсақ, шағын қаржылық обьектілерді арттырсақ, онда оның нәтижесін байқай аламыз. Кедейлікпен күрестің жолы осы, - деді Арман Байғанов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық