«Казиноға 2 млрд тіккен»: Маңғыстаудағы қаржы пирамидасының былығы ашылды
Фото: freepik.com
Маңғыстау облысында «Sax Invest» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚМА мәліметінше, компания бұған дейін өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар, қаржы құралдары мен басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіру бойынша жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған. Қылмыстық топ мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 млрд теңге қаражат жинаған. Тергеу барысында бұл қаражаттың көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылғаны анықталды.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған Меңдіғалиев казиноға 2 млрд теңге, «Блайсико» атты бақылауындағы компанияның үлесін сатып алуға 28 млн теңге, Атырау қаласындағы екі пәтерге 70 млн теңге, жеке үй құрылысына 120 млн теңге, шетелде демалуға 377 млн теңге, қызының Лондонда оқуына 53 млн теңге жұмсаған.
Ол қылмысын жасыру үшін 2023 жылдың басында 143 салымшымен жалпы 1,2 млрд теңгеден астам залалды өтеуге қатысты келісім жасасқан. Әрі 2023 жылдың соңына дейін 7 млрд теңге сомасында 1000-нан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деп уәде берген. Алайда салымшылардың ақшасы сол күйі қайтпаған. 2024 жылдың қарашасында Меңдіғалиевке халықаралық іздеу жарияланды.
Ұйымдастырушыдан бөлек, күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған 10 адам ұсталды.
Айта кетейік, «Chia TaiPharmaceutical» қаржылық пирамидасын ұйымдастырушының кінәсі анықталған еді.
Жаңалықтар
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: Тергеу жүйесіндегі негізгі мәселелер қандай?
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды