Қазақстанның 7 өңірінде елді-мекендерді қоршауға алды
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның жеті облысында полиция қызметкерлері иесіз қалған үйлер мен нысандарды күзету мақсатында оларды қоршауға алды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Бүгінде 10 мыңға жуық адам эвакуацияланған, оның ішінде 200 адам тікұшақтың көмегімен көшірілді. Полиция қызметкерлері қазір 78 уақытша орналастыру орталығында тұрғындардың қауіпсіз тұруын қамтасыз етіп отыр.
«Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарының 25 ауданында зардап шеккен елді мекендер қоршауға алынды» деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев брифингте.
ІІМ 965 қараусыз қалған тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды күзетіп отыр. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 93 ауданда, оның ішінде 8 облыстағы республикалық маңызы күре жолдар қозғалысына шектеулер енгізді.
Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы іс шараға ішкі істер органдарының 5 мыңнан аса қызметкері, 800-ге жуық техника (патрульдік көліктер, қызметтік автобустар және 2 тікұшақ) қатысты.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды