Әскери қызметкерлер 7 мамырға медальдармен марапатталады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Еліміздің әскери қызметкерлері 7 мамырда медальдармен марапатталады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Сенаторлар әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары мен Төтенше жағдайлар министрлігін жаңа ордендермен марапаттау туралы заңды мақұлдады. Сонымен қатар, заңда екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарының есіміне «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелерін беру қарастырылған.

Бірінші дәрежелі «Айбын» орденіне Сағадат Нұрмағамбетовтың есімін, екінші дәрежелі «Айбын» орденіне – Бауыржан Момышұлының есімін, үшінші дәрежелі «Айбын» орденіне – Рахымжан Қошқарбаевтың есімін беру ұсынылды.

«Заң даңқты қаһармандардың жауынгерлік ерлігін мәңгілікке қалдыруға, ұлттық сана мен азаматтық бірегейлікті нығайтуға, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға ықпал етеді», - деді сенатор Андрей Лукин. 

Сенаттың тұрақты комиссиялары оң қорытындыларын берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар