Қазақстандағы жүргізушілердің біразы сақтандыруға қосымша ақы төлейтін болды
Фото: Elements.envato.com
Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру заңнамасына айырықша өзгерту енгізді. Бұл түзетулер арасында абайсыз жүргізушілер үшін сақтандыру ережелерін қатайту да көзделген, деп хабарлайды Orda.kz.
«Ашық НҚА» порталында жүргізушілерге қатысты жаңа ережелер жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 4 қарашаға дейін болады. Заң жобасының негізгі нормалары автосақтандыру туралы.
Жобаға зер салсақ, жол ережесін бұзғандарға сақтандыру ақшасын көбірек төлеуге тура келеді. Ал сақтандырул ақшасы азаяды.
Жылдамдықты асыру, қарсы жолға шығу, қызыл жарықта өту, авариялық жағдай жасау, ақаулы автокөлікті басқару — бұлардың барлығы жүргізушілердің сақтандыру ақшасын төмендетуге негіз болатын бұзушылықтар. Егер жүргізушінің үш немесе одан көп бұзушылығы болса, оның сақтандыру класы әдепкі бойынша көзделген деңгейден бір деңгейге төмендетіледі.
Ең төменгі сақтандыру класы — М2.
Мынадай жағдайда жүргізушілерге бұл деңгей тағайындалады:
- мас күйінде (соның ішінде бірнеше рет) автокөлік басқарған болса;
- мас күйінде жол апатын жасаған болса;
- адам өлген немесе мүгедектік алған жол апатын жасаған болса.
Егер жүргізуші өз кінәсімен біреудің өліміне себепші болса, оның сақтандыру класы дереу М2-ге төмендетіледі. Енді тіпті оның бұрын жоғарырақ сақтандыру класына ие болғанына да қарамайды.
Заң жобасында барлығы 18 сақтандыру класы бар. Төменгі кластар жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын жүргізушілерге арналады. М2, М1 және М, одан жоғары нөлдік класс болады. Одан әрі А класы және он үш негізгі класс бар. Класс неғұрлым төмен болса, сақтандыру үшін соғұрлым көп төлеуге тура келеді. Әрбірінің сақтандыру шарттарын кестеден қараңыз:
Автосақтандыру коэффициенттері. Фото: Legalacts.egov.kz
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды