Қазақстандағы су тасқыны салдарына бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған

cover Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі гидротехникалық нысандарын күтіп-ұстауға бөлінген қаржыны тексеріп, 1 млрд теңге шығын бар екенін анықталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облысында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты» делінген хабарламада.

Ол ақша бұрын гидроқұрылыс нысандары қызметін қамтамасыз ету үшін бөлінген болатын.

Айта кетейік, Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ҚМА басшысы Дмитрий Малахов орын алған су тасқыны салдарын жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды. 

«Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет», - деді Малахов. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар