Қазақстанда ресейлік атышулы ұры Стёпа Мурманский ұсталды
Фото: Envato
Қазақстандық күштік құрылымдар ресейлік «Стёпа Мурманский» деген лақап атпен танымал криминалдық топтың жетекшісі Степан Фурманды ұстап, Ресейге тапсырды.
Ол Ресейден шығып, Қазақстанға жасырынбақ болған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бірнеше рет сотталған Фурманға қатысты 2019 жылы «қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды иелену» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ресей Қылмыстық кодексінде бұл бап «заңды ұрылар» деп аталатын қылмыстық билік органдарына арналған. Фурман Ресейден кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2021 жылы ол Португалияда ұсталып, 2022 жылы Ресейге экстрадицияланды.
20 мамырда Санкт-Петербургтегі сот алқасы «Стёпа Мурманскийдің» қылмыстық ісін жаңа сот талқылауына беру туралы шешім қабылдады. Бірақ заңды ұры Ресейден қашып үлгергені белгілі болды. Ол Қазақстанда жасырынбақ болған, алайда Қазақстан құқық қорғау органдары ресейлік әріптестерінен тез арада ақпарат алып, Оралда криминал басшысын ұстап, Ресейдің қылмыстық іздестіру басқармасына тапсырған. Қазір Фурман Самара облысындағы тергеу изоляторында.
«Коммерсанттың» хабарлауынша, 60 жастағы Степан Фурманға «1994 жылдан бері заңдағы ұры қылмыстық мәртебесін алған, қылмыстық иерархияда ең жоғары лауазымды атқарған және қылмыстық ұйымды басқарған» деген айып тағылды. Тергеу мәліметтері бойынша, Фурман және оның қарамағындағылар Ресей Мурманск облысында ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасаған. Сот отырысында оның өзі «Стёпа Мурманский» деген лақап атпен белгілі болғанын жоққа шығарып, өмір бойы тек заң талаптарын сақтағанын айтты.
Бұл ретте ресейлік БАҚ Фурманның қылмыстық «тәжірибесі» 44 жыл деп жазады. Ол тонау, заңсыз қару мен есірткі сақтау, сондай-ақ зорлау үшін сотталған. Сонымен қатар, Фурман сириялық босқындардың Ресейден Финляндия мен Норвегияға заңсыз көшуін ұйымдастырған.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды