Kazakhmys Energy 27 млн теңге айыппұл салынды

Ұлытау облысының прокуратурасы құрамына Жезқазған және Балқаш жылу электр станциялары кіретін «Kazakhmys Energy» ЖШС қызметіне тексеру жүргізді.
Бұл туралы Orda.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аудит заң талаптарының сақталуына, сондай-ақ негізгі жабдықты жаңғыртуға қатысты.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық реттеу, электр энергетикасы, еңбекті қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар бойынша 600-ге жуық бұзушылық анықталды.
«Атап айтқанда, нысандарды жаңғыртуға инвестицияның аздығы. Қолданылған шаралар ағымдағы ақауларды жоюмен шектелді. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылу желілерінің температуралық кестелерін сақтамау, бақылау-өлшеу құралдарын уақтылы тексермеу және т.б.» делінген прокуратураның хабарламасында.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдарға 16 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі тұлғалар 27 млн.теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Бүгінгі күні «Kazakhmys Energy» ЖШС 21 млн теңгеден астам айыппұлды төлеп үлгерді. Сондай-ақ, уәкілетті органдарға Жезқазған және Балқаш ЖЭО-ларындағы заң бұзушылықтарды жою жөнінде нақты шаралар мен мерзімдер, соның ішінде жабдықтарды жаңғырту бойынша нұсқаулықтар берілді» деп толықтырды ведомствода.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар