Қазақ мәдениетінің символы - Ұлттық домбыра күні

cover

Ұлттық домбыра күні - 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретінде тойланып келеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

7 шілдеде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні – қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысының ең маңызды нышандарының біріне арналған мереке. 

Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі. Ұрпақтан-ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, Ұлы Даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра.

Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабының үні құлағымыздан кетпесін. 

Президент X әлеуметтік желісіндегі парақшасында құттықтау жариялады. 

«Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ халқының рухани өмірінде маңызы зор. Домбыра ұлы дала өркениетінің ажырамас элементіне айналды. Біздің ортақ парызымыз – қазақ мәдениетінің осы мұрасын сақтау. Әр шаңырақта домбыраның күйі асқақтай берсін!» деп жазды президент.


Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Алайда 2010 жылы елдегі БАҚ тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан басталатын «ата домбыра» табылғанын айтып сүйінші сұраған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар