Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісін қызметінен босатты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды» деп жазылған Ақорда хабарламасында. 

Амангелді Омарбеков бұл қызметке 2022 жылдың 22 тамызында келген.

Айта кетейік, 8 маусым күні Тоқаев Жақсылықовты қорғаныс министрі қызметінен алып тастады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар