Қарағанды облысында екі медицина қызметкеріне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды

cover Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында екі медицина қызметкеріне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 12 маусымда облыстық балалар ауруханасында болды. Полицияның мәліметінше, облыстың 38 жастағы тұрғыны өзімен сөзге келіп, дауласып қалған дәрігерлерге шабуыл жасап, оларды соққан.

«Оқиға 12 маусымда Қарағанды облыстық балалар ауруханасында болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, облыстың 38 жастағы тұрғыны ауызша жанжал кезінде екі дәрігерге дене жарақатын келтірген. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды», деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Барлық қажетті тергеу әрекеттері басталып, істің жай-жапсары жан-жақты және әділ анықталып жатыр. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырып, заңға қайшы әрекеттер үшін  бұлтартпайтын жаза қамтамасыз етіледі. Зорлық-зомбылық, әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты зорлыққа жол берілмейді. Бұл қоғамдық тәртіптің өрескел бұзу ретінде қарастырылады», — деді полиция өкілдері.


 

 
 
 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар