Қарағанды қаласында 6 көлік соғысып,1 адам қаза тапты

cover Фото: pixabay.com

Қарағанды қаласының Аманжолов көшесінде алты көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам қаза тапты.

Бұл туралы Қарағанды ​​облысының полиция департаменті хабарлады. 

Жол апаты 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Аманжолов көшесінде болған. Қазіргі таңда, іс бойынша сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты, үш адам медициналық мекемеге жатқызылды», деп мәлімдеді  Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар