Қадыровқа қарсы шыққан: Алматыда шешен белсендісі ұсталды
Фото: Рена Керимованың Instagram парақшасы.
Рамзан Қадыровқа қарсы пікір білдірген шешен белсендісі Мансур Мовлаев Алматыда ұсталды. Жақын арада оған қатысты бұлтартпау шарасын анықтайтын тергеу соты өтпек, деп хабарлайды Orda.kz.
Мовлаевты қорғаумен Алматы адвокаттар алқасының мүшелері Мұрат Адам, Рена Керимова және Елена Жигалёнок айналысады. Елена Жигалёнок «Орда» редакциясына белсендінің ұсталуына қатысты мәлімет берді:
«Мансур – азаматтық белсенді. Чешен Республикасында оған бірнеше рет қауіп төнген, қудаланған, жалған іс бойынша сотталған. Жазасын өтеген соң Ресейден кетуге мәжбүр болды. Екі күн бұрын оны ұстады», – деді Жигалёнок.
Белсенді мен оның қорғаушылары тергеу сотын күтіп отыр:
«Бүгін немесе ертең тергеу соты болады. Оған 40 тәулікке экстрадициялық қамау санкциясы берілмек. Осы уақыт ішінде Қазақстан прокуратурасы Ресейден экстрадиция сұраған құжаттарды күтіп отырады. Егер бұл мәселе шешілмесе, экстрадициялық қамау 12 айға дейін ұзартылуы мүмкін».
Адвокаттың айтуынша, қорғау тарабы Мовлаевты Ресейге бермеу үшін бар күшін салады. Себебі онда белсендіні экстремизм айыбымен федералды іздеуге жариялаған.
«Басты мақсатымыз – экстрадицияға жол бермеу. Біз оны баспана іздеуші тұлға ретінде тіркеуді сұраймыз. Егер Мансур Ресейге қайтарылса, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді деп есептейміз», – деді Жигалёнок.
Ашық дереккөздердің мәліметіне қарасақ, 2022 жылы Мовлаев Шешенстандағы жасырын түрмеден қашып шығып, құжатсыз әрі ресми мәртебесіз Қырғызстанға өткен. 2023 жылы Бішкек соты белсендіні алты айға бас бостандығынан айырып, жазасын өтеген соң, елден шығару туралы шешім шығарған. 2024 жылдың қазан айында Мовлаев Шешенстандағы оның ағалары Зелимхан мен Хамзаттың ұрланғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды