Южный саябағындағы 4 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

cover

Алматыда «Южный» саябағындағы екі учаске мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлады Orda.kz «Вечерний Алматы» газетінің сайтына сілтеме жасап.

Саябақтың солтүстік бөлігіндегі учаскелер жеке меншікке тиесілі: 2,81 гектар - АТФ Банк, 1,38 гектар - «Бирюза ИО» АҚ.

Южный саябағының жалпы аумағы қазір 14,2 гектар болады.

Қала әкімдігі бұл жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы шешім қабылдады

Жер қатынастары бөліміне:

  • иелеріне хабарлау және өтемақы төлеуді қамтамасыз ету;
  • жер учаскелерін мемлекеттік активтерді басқару балансына беру туралы бұйрық берілді.

Учаскелерді мемлекет меншігіне алу процедурасы 2023 жылдың соңына дейін аяқталуы керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар