Йеменде хуситтер үкіметінің басшысы мен бірқатар министрлер қаза тапты
Фото: Бейнеден скриншот
2025 жылғы 28 тамызда Израильдің Йемен астанасы Сана қаласына жасаған соққысының нәтижесінде хуситтер үкіметінің премьер-министрі Ахмед әл-Рахави және бірнеше министр қаза тапты. Бұл туралы Orda.kz сайты Йеменнің SABA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Соққы үкіметтің Сана қаласында өткен кезекті отырысы кезінде жасалған. БАҚ мәліметінше, Израиль әскері жоғары лауазымды шенеуніктер қатысқан бірнеше нысанды бір уақытта атқылаған. Олар «Ансар Аллах» қозғалысы жетекшісінің сөзін тыңдау үшін жиналған болатын. Reuters агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында хуситтер қорғаныс министрі мен штаб бастықтары да бар.
Кейін Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац бұл шабуылға қатысты пікір білдіріп, Израиль қорғаныс армиясы Йемендегі хуситтердің жоғарғы басшылығын жойғанын растады.
«Біз Йемендегі хуситтердің террористік ұйымының қауіпсіздік пен саяси саладағы жоғарғы басшылығына бұрын-соңды болмаған ауыр соққы жасадық. Хуситтердің премьер-министрі, оның министрлерінің басым бөлігі және өзге де жоғары лауазымды тұлғалар жойылып, жарақат алды» деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін, 2025 жылғы 25 тамызда Израиль Сана қаласына әуе соққысын жасаған еді. Ол кезде кемінде 10 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жараланған.
Хуситтер Палестина халқымен ынтымақтастық білдіріп, Израильге қарай үнемі зымырандар мен дрондар атқылап келеді. Сонымен қатар, олар Қызыл теңіз бен Аден шығанағындағы сауда кемелеріне шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль мен АҚШ хуситтер бақылауындағы аумақтарға, оның ішінде Сана қаласына да соққы жасап отыр.
Хуситтер билікке 2014 жылы келіп, 2015 жылдан бастап Йемен астанасы Сана қаласын бақылауда ұстап отыр.
Ахмед әл-Рахави 2024 жылғы тамыз айынан бастап хуситтер үкіметін басқарған. Қазіргі таңда премьер-министр қызметіне оның орынбасары Мұхаммед Мифтах тағайындалды.
Биылғы мамыр айының басында Дональд Трамп хуситтер бұдан былай соғысқысы келмейтінін мәлімдеді деп, бомбалауды тоқтату туралы шешімді қарсы топ Таяу Шығыстағы маңызды кеме жолдарын үзбеуге келіскеннен кейін қабылданғанын айтқан болатын.
Дегенмен мамыр айының соңында БҰҰ бас хатшысы АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына соққысын қауіпті өршіту деп атады, ал Иран режимі уранды байытуды тоқтатпайтынын мәлімдеп, Израильге оқ жаудыруды жалғастырды.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды