А.Мамин: Қазақстан экономикасы белсенді түрде қалпына келді

cover

Қазақстан экономикасының белсенді түрде қалпына келгені туралы Қазақстан премьер-министрі  Асқар Мамин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

— Бес айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім үлесі 1,6 пайызды құрады. Экономиканың барлық салаларында оң өсім байқалуда. Машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп жоғары өсімді көрсетті. Құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу қарқыны жоғары, - деді А. Мамин.

Премьер-министрдің айтуынша, ауылшаруашылығы саласында да тұрақты өсім қарқыны байқалады. Сондай-ақ, өндірістік емес салаларда жоғары инвестицияның белсенділігін де атап өтті.

— Ауылшаруашылығында тұрақты өсім қарқыны байқалады. Қызмет көрсету саласында қатарынан оң өсу серпіні белгіленді. Бұған септігін тигізген негізігі факторлар, сауда, байланыс, жылжымайтын мүлік пен операциялар, қаржы және сақтандыру қызмет салалары болды. Өндірістік емес салаларда жоғары инвестицияның белсенділігі байқалады. Бұл экономиканы әртараптандыру арқылы орнықты әрі сапалы даму үшін негіз болады.

Негізгі капиталға инвестициялық өсім тау-кен өндіру өнеркәсібі 25,5 пайызды құрады. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде тамақ өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, ауылшаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлік пен операциялар және көлік салаларында инвестиция елеулі өсті, - деді Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар