Израиль президенті Қазақстанға келеді

cover Фото: gov.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.

Әңгіме барысында Тоқаев израильдік әріптесін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, оның Қазақстанға сапары туралы сөз қозғады. Израиль тарапы бұл бастаманы қолдап, Герцогтың алдағы бір жыл ішінде елімізге келетінін растады.

Көшбасшылар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік болашағын талқылады.

Айта кетейік, Израиль Газа секторында екі айлық үзілістен кейін әскери операцияларын қайта бастады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар