Иманбек пен Димаштың қол жеткен биіктері жөнінде Дінішев, Снегина мен Аравина
Grammy сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкеновтың жеңісі қазақстандық музыканттар мен шоу-бизнес өкілдерін бейтарап қалдырмады.
Қазақстандық әншінің жеңісін олар ерекше жеңіс, қол жетпес табыс, биік меже – деп бағалап жатыр. Осыған орай Orda.kz тілшісі музыкаға тікелей қатысы бар өнер иелерінің пікірін тыңдаған еді.
Әнші, педагог, музыка зерттеушісі Ирэна Аравина белгілі бір өнер ортасына әдетте өзінің жүрек әмірімен келгендер, өзін- өзі соған дайындағандар ғана биіктерге жетіп жатады –деді.

— Бұл тамаша жетістік - тағдырдың сыйы десе де болады. Қазір Иманбек көпшіліктін назарында. Алдағы табыстары оның еңбекқорлығына, талғамы мен таңдауына көп байланысты болады.
Көптеген талант иелері өз өнер жолдарын арнайы музыкалық білім алмай-ақ бастаған болатын.
Мысалы, пианист Эррол Гарнер, композитор Джордж Гершвин. Леонардо да Винчи де өзінің ең алғашқы контрактын алғанда оның музыкалық білімі болған жоқ. Оған келісім-шарттарын орындай жүріп білім алуына тура келді. Нәтижесінде үлкен дәрежеге жетті.
Иманбек те өзінің кәсібін жетілдіріп, теңдесі жоқ өнер иесі бола алады. Алайда өнер жолында мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланбай, тағдырын тайдырып алатындар да өмірде кездеседі. Ондайлар да өкінішке қарай аз емес. Сондықтан Иманбекке тілейтінім, қолына қонған жеңістен айырылып қалмай, қойған мақсатына дұрыс жолмен жетсін.
Белгілі опера әншісі, КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев те Иманбектің табысына тамсана қарады.

— Бұл жеңіс — өте жоғары, үздік жеңіс. Музыкадағы Grammy – кино өнер танымындағы Оскар сияқты, Қазақстан футбол командасының дүниежүзілік Чемпионаттағы жеңісі сияқты. Мен Иманбекті осы сыйлыққа ұсынылған сәтінен бастап білемін. Маған оның байсалдылығы мен ұстамдылығы, таланты мен батылдығы ұнады. Оның ремикс музыкасы жер шарының әр үйінде, әр ауласында естіліп тұрды. Кеңестік жүйеден кейінгі бұрынғы одақтың еш мемлекетінде Грэмми сыйлығын жеңіп алған шоу-бизнес диджейлері болған емес. Сондықтан Иманбектің мұндай танымалдылыққа жетуіне таң қалмасқа болмас. Қол жетпес мәртебеге айналған мұндай сыйлыққа әйгілі Алла Пугачева да жеткен жоқ.
Дінішев Иманбектің болашақ өнер жолына алаңдаушылық білдіріп жатыр. Бұл жеңіс Иманбек үшін бір рет атылған мылтық сияқты болып жүрмесін. Күтпеген үлкен жеңістер жауапкершілік пен ықтияттылыққа көңіл аударуды қажет етеді. Опера әншісі сондай-ақ, Иманбекке биліктің қамқорлығы аса қажет бола қоймас, билік те оған көмектескісі келе қоймас, деп есептейді. Оған қаржылық табыс өзінен өзі келіп жататын болады, ал жұмысты ол үйде отырып-ақ жасайды, концерттер ұйымдастыру да оған соншалықты қажет емес. Өйткені оның музыкасы көпшілікке түсініксіздеу жанр.
PR-директор Диана Снегина да Иманбектің жеңісіне көңіл аударды.

— Бұл өте сирек және ең алғаш орын алған жеңіс. Мен бұған өте қуаныштымын. Бұл Иманбек үшін жеңістердің ең басы. Енді ол көпшіліктің назарында жүреді және енді оған қойылатын талап та көбейеді. Меніңше, енді ол басқа жұлдыздардың да назарын өзіне аударып, алдағы уақытта бұдан да үлкен жоспарларын жүзеге асырады. Біз үшін оның ешкімнің көмегінсіз жеке өзі осындай бірегей табысқа жетуі таңқаларлық нәтиже. Батыста, мысалы, сенің қайдан келгенің маңызды емес. Олар тек талантты ғана қабылдайды.
Снегинаның ойынша, осындай жеңістен кейін, мүмкін, билік Иманбекке көңіл аударып, оған көмек жасайтын болар. Диана бүгінде әлеуметтік желілер кімді болмасын әлемге әйгілей алады дейді. «Ең бастысы, «жұлдыз ауруымен ауырмай», әлемге әйгілі тұлғаның бойында талант пен еңбекқорлық болуы керек».
Біз Ирэна Аравинадан Иманбек пен Димаш Құдайбергеновтың жетістіктерін салыстыруды сұраған едік.
Оның айтуынша, олар мүлдем бір-біріне ұқсамайды, бірақ оларды ұқсас ететін ішкі сезімдері, яғни, сезімталдығы. Екеуі де қайталанбас, ерекше өз жолдары бар өнер иелері. Мысалы, Димаш опера әншілігін емес, концерттік жолды таңдады. Ал Иманбек теміржолшы бола отырып, дүние жүзіне белгілі диджей атанды. Аравина айтқандай, бұл жердегі басты себеп — таңдау, кездейсоқтық пен сәттілік.
— Димаш – музыкалық білімі бар адам. Ол көптеген жылдар бойы өз білімі мен еңбегін, талғамы биік тәрбиесін өнерге арнады. Оның жеңісі – заңдылық десек те, сәйкестік те бар. Себебі сопрано дауысты ер адамдар ол жеткен биіктерге жеткен жоқ. Ал Димаш пен Иманбекті біріктіретін қасиеттері, ол – көрермен көңілінен шыға алатын жанрды ішкі түйсікпен таңдап алғандары.
Диана Снегина да Димаш пен Иманбек әртүрлі жанр иелері бола тұра, екеуі де өз өнерлерінің ерекшеліктерімен еліміздің тарихына өз есімдерін қалдырды деп санайды.
Талант иелеріне мемлекет қандай көмек жасауы керек және жасауға міндетті ме?
Ирэна Аравинаның ойынша, барлық дамыған мемлекеттерде талант иелерін қолдауға дотация бөлінеді.
— Біздің елімізде кеңестік кезде қалыптасқан таланттарды қолдау жүйесі жойылып кеткен, ол енді-енді қайта жүйеленіп келеді. Онда да жекелеген бастамашылардың мемлекеттік мекемелерге келіп айтып жатқан, беріп жатқан көмектерінің арқасында. Екінші жағынан, өнер қоры жойылып бара жатқандай. Өйткені, музыкалық мектептерді мемлекет меншігінен алып, жекеменшікке беруге тырысуда. Оркестрлер саны қысқаруда. Барының да өмір сүруі қиындап жатыр. Бисмарк айтқан екен «Мектептерден қаржы үнемдеген мемлекет ертең түрмелер санын көбейтеді» - деп.
Сөз соңында айтарымыз, Димаш пен Иманбек — бірегей талант иелері. Ал осындай талант иелерінің Қазақстанда көбеюіне оқу орындары мен дарын иелеріне жасалатын мықты мемлекеттік қолдау болған жағдайда ғана қол жеткіземіз.
Авторы: Анна Даниловская
Аударған: Баян Таңатарова
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық