«Хиджаб киюге мәжбүрлеген»: Ақтөбеде өзіне қол салмақ болған студентке қатысты тергеу басталды
Фото Pixabay
Ақтөбеде кәмелетке толмаған студент қыз діни қысымға ұшыраған болуы мүмкін. Хиджаб киюден бас тартқан 17 жастағы қыз өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 10 маусым күні Ақтөбе қаласында болды. Кәмелетке толмаған студент көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, суицид жасауға тырысты. 17 жастағы қыз бала аман, анасы тоқтатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, анасы мен өгей әкесі оны еркінен тыс хиджаб тағуға мәжбүрлеген болуы мүмкін.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатыр.
«Ақтөбе қаласының полиция басқармасы кәмелетке толмағанның өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекетін жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу шеңберінде анықталады. Қазіргі уақытта қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Психологиялық көмек көрсетіледі», — деп жауап берді Ақтөбе облысы ПД.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды