Хасан Қасымбаевтың соты басталды
Фото: Orda.kz/ Ислам Әден
Алматы облысының Талғар аудандық сотында Шерзат Полаттың қазасынан кейін атышулы «Хутор» тобының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың соты басталды.
Orda.kz тілшісі соттан тікелей ақпарат таратып отыр.
Айыпталушылар қатарында Мадияр Қалымжанов, Данияр Асқаров, Нұрмұхамет Сұлтанбеков, Руслан Әлиев және Сайлау Ақжанов бар. Істі судья Айнагүл Түкібаева қарап жатыр.
Хасан Қасымбаевқа «адам ұрлау», «ұрып-соғу» және «бопсалау» баптары бойынша айып тағылған.
Оның аты Шерзат ісінен кейін көпшілікке белгілі болды. Сол кезде ел ішінде «Талғарды Хуторлық топ билеп алған» деген әңгіме тарады. Дегенмен, ІІМ ресми мәлімдемесінде мұндай қылмыстық топтың барын жоққа шығарды.
2024 жылғы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжал кісі өліміне ұласты. 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Осы жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдікте қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды.
Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған.
Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Хасан Қасымбаев: «Менің арым таза, заң бұзған жоқпын», – деген еді.
Алайда 4 қараша күні ол қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды. Тергеу шілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау актісін бекітіп, істі сотқа жіберді.
Сонымен қатар, Хасан Қасымбаевпен суретке түскен подполковник жұрттың сынына ілікті. Кейін подполковник Еркебұлан Қасенұлы: «Хасанмен аңшылықта кездейсоқ жолықтым», – деп түсініктеме берген.

Еске сала кетейік, «Хуторлық топтың басшысы» деп танылған Хасан Қасымбаевтан зардап шеккен Арман Әлімовтің анасы баспасөз мәслихатында оқиғаның мән-жайын баяндаған болатын.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды