«Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Жаңа кодекс күшіне енді
Қазақстанда жаңа әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс күшіне енді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған кодекстің күшіне енгені туралы баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebоok парақшасында жазды.
«Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді.
Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі.
Әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап арыздар енді «әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау» қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуге тиіс.
Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап беретін болады.
Бұл құжат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады» делінген Берік Уәли жазбасында.
Жаңалықтар
- Катар Шығыс Қазақстанда су электр станциясын салуы мүмкін
- Бюджет шығыстарының төрттен бірі мемлекеттік қарызды өтеуге жұмсалады
- Су тасқынының екінші толқыны екі облыста жалғасуда
- Қазақстан әйелдер денсаулығының әлемдік рейтингінде Ұлыбритания, Франция және Ресейден алда
- Астанада рейд кезінде тәркіленген 10 тонна насыбай өртенді
- Құлсарыда тәулігіне 70 мың текше метр су сорылды
- Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитіндегі Тоқаевтың сөзі
- Жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ боксшылары 14 алтын медаль жеңіп алды
- 1 маусымда Алматыда орташа жол жөндеу жұмыстары басталады
- Беларусьте тактикалық ядролық қару сынақтан өтеді
- Қырғызстан Қазақстанға транзиттік тәуелділігін азайтпақ
- Батырдың жүз жылдығына орай Астана мектебіне Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді
- Jusan Bank-тің жай акцияларының иелері дивиденд алмайды
- Голан төбесінде Қазақстан туы желбіреді
- Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс: зардап шеккендер бар
- Тоқаев «Отан Ана» мемориалына гүл шоқтарын қойып, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
- Мәслихат депутаттарына жәрдемақы төленеді
- Астанаға бара жатқан жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерлерімен баурап алды
- Түркістан облысында жаппай төбелес: полицейлер күдіктілерді ұстады
- Украинаның барлық аумағында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды