Генерал Новиковтың Алматы тауындағы жерлері мемлекетке қайтарылып жатыр
Фото: Envato
Алматы қаласы сот алқасы прокуратураның талабын қанағаттандырып, «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС-на тиесілі тау баурайындағы 840 гектар жердің меншік құқығын жарамсыз деп тауып, мемлекетке қайтарды. Жер телімдерінің жалпы құны 54 млрд теңге, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокуратураның мәліметі бойынша, бұл жерлер су қоры санатындағы алқаптың бөлігі. Алайда заңға сәйкес мұндай аумақты жекеменшікке беруге болмайды.
Аумағы шамамен 820 гектар болатын бір телім арқылы кішігірім өзен ағып өтеді. Сондықтан прокуратура бұл аумақтың су қорындағы жерлерге жатқызылып 2004 жылы жекеменшікке берілуін заңға қайшы деген уәжді алға тартты.
ЖШС құрылтайшыларының қатарында генерал-майор Павел Новиков және «Халықаралық клубтар қауымдастығы» құрып, басқарып отырған қоғамдық қор бар. Компания бұл жерді негізінен ауылшаруашылығы жұмыстары үшін пайдаланған. Мысалы, апорт алмасы және жабайы сиверс алмасын сақтау үшін пайдаланып келген. Фирма өкілдерінің айтуынша, олар коттедж құрылысын бастамаған. Алайда мемлекет жерді тартып ала қалған жағдайда, кейінірек ол элиталы жылжымайтын мүліктің алаңына айналып кетуі мүмкін деп қауіптенетінін жасырмады.
Генерал-майор Новиков бұған дейін сотты жеңсе, тау баурайындағы жерге экологиялық парк жасайтынын да мәлімдеген болатын.
Жерді мемлекет пайдасына қайтару бастамасын бірнеше жыл бұрын мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек көтерді.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды