Гөзел Манурова: чемпион дайындай алатын адамға орнымды беремін

cover

Орталық коммуникациялар қызметінде Токиодағы Олимпиада ойындарын қорытындылауға арналған онлайн-брифинг барысында Қазақстан әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гөзел Манурова отставкаға кетуге байланысты сұраққа жауап берді.

Әйелдер күресі федерациясының вице-президенті отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

— Егер төрт олимпиадалық кезеңнен өтіп, күресті менен де жақсы түсінетін, күреске менен де қатты жанкүйер болатын және тәулік бойы күреспен айналысатын адам табылса, өз орнымды босатып беремін. Мен расымен де Олимпиада чемпионын тәрбиелей алатынын іспен дәлелдейтін адамға өз орнымды беремін, - деді Гөзел Манурова.

Иә, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының  8 қола медальмен қатысушы 86 елдің ішінде 83 орынды еншілегені қызу талқыға түсуде. Десек те, олардың ішінде әйелдер күресінің өкілі жоқ.

Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада жүлдегерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар