Фейк: «Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

cover

Әлеуметтік желілерде Санкт-Петербургтің бір топ ғалымдары Африкада XIX ғасырдың басында орысша сөйлейтін адам жегіштердің өте қауіпті тайпасын тапқаны туралы жаңалықтар талқылануда. Бұл туралы stopfake хабарлады.

Бұл хабарламаны «Зеркало» порталы жариялады. Мәтіннің өзі «Африка сақинасы» халықаралық экспедициясының ғылыми жетекшісі, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің африкалық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі Александр Желтовтің сөзінен жазылған деп болжануда.

Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде мұндай қызметкер бар және ол кафедра меңгерушісі. 2013 жылы ол Кения мен Танзанияға экспедицияда болды, аталған елдер шекарасында осы тайпа тұрады. Алайда ғалымның еңбектерінде Африканың орыс тілді тұрғындары туралы айтылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы «Зеркало» порталында жарияланған жоқ. Алғаш рет Smixer веб-сайтында 2010 жылы орыспен тамырлас африкалықтар туралы жаңалықтар пайда болған.

Осылайша, орыс тілділерді жегіш африка тайпасы туралы хабарлама ойын-сауық порталдары арқылы қайталанатын әзіл екені анықталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар