Есепсіз қаражатты ессіз шашқан Назарбаев мектебіне жаңа талаптар қойылды
Назарбаев эияткерлік мектептері мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» тиімділікті арттыру мақсатында қаржылық басқаруды өзгерте бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жоғарғы аудиторлық палатнаның мәліметінше, 2024 жылдың тамыз айында аудит Назарбаев мектебіне қатысты бірқатар мәселелерді анықтаған болатын. Қаржылық бұзушылықтар 274,4 млн теңге көлемінде, тиімді емес жоспарлау 8,3 млрд теңге, 6 миллиард теңгені мақсатсыз пайдалану және мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтар. Сонымен қатар, НЗМ-нің қазіргі заманғы оқу бағдарламалары орта мектептерде іс жүзінде қолданылмайтыны анықталды.
НЗМ мәлімдегендей, кейбір айыптаулар түсінбеушіліктерге қатысты екен. Мысалы, 274,4 млн теңге бухгалтерлік есептен кеткен қатеден болып шықты, ал оқулықтарды әзірлеуге арналған қаражат бюджеттік қаражаттан емес, ішкі ресурстардан алынған.
Сол себепті Назарбаев мектебіне жоғары аудиторлық палата бірнеше талап қойды.
- Бір көзден сатып алу тек тендер өтпесе ғана мүмкін болады;
- барлық сатып алу келісімшарттары мен құжаттар ресми веб-порталда жарияланады;
- кітаптар мен көркем әдебиетті сатып алуға арналған тікелей келісімшарт жойылды;
- даму стратегиясын әзірлеу және мониторинг жүргізу ережелері бекітілді;
- Ұлттық білім беру базасы НЗМ жүйесімен интеграцияланды;
- қызметкерлердің штат санына қатысты нормативтер енгізілді;
- шетелдік педагогтар қызметін бағалау критерийлерімен лауазымдары бекітілді;
- шетелдік мұғалімдер үшін пәтерді жалға алу шығындары аумақтың және бөлме санына қарай қайта есептелді;
- филиалдардың қауіпсіздігін қорғау ережелері әзірленді, соның ішінде посттардың саны мен олардың жұмыс кестесі;
- ақпараттық жүйелер үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеу тәртібі нақтыланды;
- ақылы оқуға қабылдау алдында білімді бағалау процедурасы енгізілді;
- электрондық курстарды аяқтаған оқушылардың нәтижелерін есепке алу журналы құрылды.
Сонымен қатар, Назарбаев мектебі 8,5 млн теңгені қайтарды, бұл қаражат құрылыс-монтаждық жұмыстар үшін мердігерге артық төленген болатын. «Педагогикалық шеберлік орталығында» курстардың құны мен әкімшілік және өндірістік қызметкерлерге арналған нормалар қайта есептелді.
Бұл ретте аудиторлық палата бұл тек Назарбаев мектебі орындауы тиіс нұсқаулардың бір бөлігі екенін атап өтті.
Бұған дейін біз ВАП барлық жеке мектептерді бюджеттік қаражатты пайдалану бойынша есеп беруге міндеттегенін жазған болатынбыз. НЗМ робототехникалық мамандықтарды меңгерген түлектері туралы осы материалдан оқуға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық