Енді қоғамдық орындарда никабқа айыппұл салынады
Фото: Khaled Abdullah
Қырғызстанда қоғамдық орындарда никаб кигендерге 20 мың сом мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
24 kg сайтының мәліметінше, бұл туралы Қырғызстан парламентінде талқыланып жатқан «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң жобасында айтылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске 127.1-бап енгізілу ұсынылған. Бұл бап мемлекеттік органдар мен қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім киюді реттейді.
Депутат Дастан Бекешев бұл айыппұлдың азаматтар үшін ауыртпалық болатынын айтты.
«Никаб немесе паранжа киіп, бет-жүзін жасырғандарға 20 мың сом айыппұл салынады. Никабты көбінесе әлеуметтік тұрғыдан осал әйелдер киеді. Ал жоғары табысы мен білімі бар әйелдер арасында никаб кигендерді сирек көремін», — деп атап өтті депутат.
Бұған дейін дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салатын норманы заң жобасынан алып тастау туралы ұсыныс білдірген болатын, ол бұл шешімнің демократия принциптеріне қайшы келетінін жеткізген еді.
«Бұл пікірлер ескерілмеді, себебі демократия принципі дауыс беруге қатысу құқығы, еркін дауыс беру және сайлауға кандидат ұсыну құқығын қамтиды. Бұл шектеу тек мемлекеттік органдар мен қоғамдық орындарда жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киімге қатысты», — деп жауап берді заң жобасының авторлары.
Парламентте діни саладағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралады.
Жаңалықтар
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: Тергеу жүйесіндегі негізгі мәселелер қандай?
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды