Елордада әйел екі жасар баладан телефон ұрлап кетті

Нұр-Сұлтанда 34 жастағы қала тұрғыны екі жасар баладан «Самсунг А-21» маркалы ұялы телефонын тартып алды. Баланың анасы полицияға арыз берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың анасы қонақ үйде әкімші болып жұмыс істейді.
Тонау болған күні әйел жас баламен жұмыс орнында болған. Ол қызына смартфонын беріп, екінші қабатқа көтерілген. Тонау сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Кадрларға қарағанда, қыз баспалдаққа көтеріліп, түсіп келе жатқан әйелді кездестіреді. Ол баланың қолындағы телефонды көріп, тартып алып, кетіп қалады. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
- Бірнеше сағат ішінде әйел ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол бұрын сотталған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты, – деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
Күдікті қазірдің өзінде кінәсын мойындап, ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл іс-әрекетке 2 мың АЕК (6 миллионға жуық) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе мүлкі тәркіленіп немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасы берілуі мүмкін.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтардан жас балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар