«Елбасы» атауын толықтай жою керек – Қазыбек Иса
Фото: бейнеден кадр
«Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Қазыбек Иса «Елбасы» атауын толықтай жою керек екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса заң жобасындағы «Елбасы» атауының қолданылуын заңсыз деп атап өтті.
«Заң жобасының 4-бабында рақымшылық қолданылмайтын адамдар тізімі берілген. Соның ішінде 13-тармақта «ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қол сұғушылық» бабы (ҚК 166-1) көрсетілген. Алайда біз 2023 жылдың 11 қаңтарында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жойдық. Ол заң 2023 жылғы 13 ақпанда ресми түрде күшіне енді. Ендеше неге бүгін қабылданып отырған жаңа заңда «Елбасы» деген атау заңсыз қолданылып отыр?» – деді депутат.
Қазыбек Иса бұл норманы «заңсыздық» деп атап, ҚР Қылмыстық кодексіндегі 166-1-баптың өзі бұрынғы заң негізінде енгізілгенін еске салды. Оның айтуынша, кейін қабылданған заң бұрынғы заңның күшін жоятындықтан, барлық қолданыстағы заңдардан «Елбасы» атауын толық алып тастау қажет.
«Бұл жерде «экс-президент» деп қана жазылуы тиіс! Барлық заңдардан, барлық құжаттардан «Елбасы» атауы жойылуы керек!» – деді ол.
Депутаттың бұл сауалына Ішкі істер министрлігінің өкілі емес, заң жобасын таныстырған Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспан жауап берді.
Алайда 2019 жылы Қазыбек Исаның Елбасыны қолдап, көзқарасын ашық айтқан мәлімдемелері бар. 2019 жылы «Казахстанская правда» басылымындағы «Елбасының өлшеусіз рөлі» атты мақалада Қазыбек Иса Астанаға Елбасының атын беру өте дұрыс шешім екенін атап өткен.
«Елбасымыз ел игілігі үшін аянбай еңбек етті. Ол ұлтымыздың шаңырағын көтеріп, керегесін кеңейтті. Бұл жылдар тарихта «Назарбаев дәуірі» ретінде қалады.
Қиын-қыстау кезеңде гүлденген Алматыдан қаһарлы қысымен танылған Ақмолаға астананы көшіру – саяси ерлік болды. Сол кезде қарсы жақ түгіл, жанындағы серіктерінің өзі бұл бастамаға күмәнмен қараған еді. Ал бүгінде біз Елбасы салған, бас сәулетшісі болған әсем қалада өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан елорданы оның есімімен атау – саяси тұрғыдан орынды шешім, – деді 2019 жылы «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды