Егіз мұнара: біз білмейтін теракт

cover

2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер американдық жолаушылар отырған екі лайнерді басып алып, Нью-Йорктегі көк тіреген егіз ғимаратқа әкеліп соқты. Оқиға салдарынан 3000 адам қайтыс болды.

Бұл шабуыл америкалықтар үшін бүкіл әлем қайғыруға тиісті маңызды оқиғалардың бірі болды.

Бірақ бұл «егіз» мұнараларға лаңкестердің көзі бұдан да бұрын түскен болатын.

1993 жылғы 26 ақпан күні Дүниежүзілік сауда орталығындағы солтүстік мұнарасының жер асты тұрағында сағат 12:18 кезінде жойқын жарылыс болып, 6 адам оқиға орнында қаза тапты.

Түтін ғимарат ішін қабат сайын толтыра бастады. Жүздеген адам мұнарадан қашты, жеделсаты тоқтап, оның ішіндегі адамдар улана бастады. Нәтижесінде 1040 адам әр түрлі дәрежеде жарақат алды.

Бұл – теракт па, әлде...

Полиция болжамы бойынша жарылыс себебі – транформатордың ақауы. Құтқарушылар жарылыс ошағына 2 күннен кейін жетті. Жарылыс ортасынан табылған сынық - оқиға тергеуінде ең басты рөл атқарды. Бұл – фургон көлігі кузовының бөлігі. Дәл осы сынықта көліктің VIN-коды жасылған. Бірнеше сағатта АҚШ криминалисттері VIN-кодта не жазылғанын көре алды. VIN-код арқылы фургонның жарылыс болмай тұрып бірнеше күн бұрын Нью-Джерси қаласындағы DIS Leasing компаниясынан жалға алынғаны белгілі болды.

Тергеу әрі қарай жалғасты. Фургон ұрланғандар ресстрінде тіркелген. Бүкіл фактілер мен айғақтар жиналғаннан кейін – бұл терористтік акт екені жарияланды. Қала басшылар терористерді ұстауға көмектескендерге немесе ақпарат айтқан тұрғындарға - 200 000 АҚШ доллары көлемінде өтемақыға уәде берді.

Бірінші күдікті – Мұхаммед Саламе

Дәл осы кездерде ФБР агенті DIS Leasing компаниясының қызметкері ретінде фургоны ұрланған, енді кепілге берген 400 долларды қайтаруға келген адаммен тілдесуде. Оның есімі – Мұхаммед Саламе. Бұған дейін де, полицияға оның радикальды ағымды қолдайтыны белгілі болған. ФБР агенті Мұхаммедтің уайымға берілгенін байқап, оқиға орнында тұтқындады. Оның үйін тіндіп шықты. Бірақ тек телефон номерлері, визиткалар және банктің көшірмелері ғана табылды.

Оны шығарар алдында полицияға бір адам хабарласты. Ол өзінің Нью-Джерси қаласының шет жағында орналасқан қоймаларды жалға беретінін айтты. Оның айтуынша, қоймалардың бірін жарылыс болмай тұрып, күдікті адамдар жалға алғанын айтты. Осыдан кейін Саламені қайтадан тұтқындады. Қойма бастығы Саламені бірден таныды. Осы кезде полиция қойма жанында ораналасқан таксафонмен жасалған хабарламалар тізімін қарап шықты.

Тізімде күдікті болған бір адам анықталды. Ол – Нидал Айяд. Саламенің жазбаларында да оның нөмірі жиі жазылған болатын. Нидал Айяд инженер-химик болып жұмыс істеген және өзінің химиялық тауарларды сатып алатын жеке компаниясы болды. 10 наурыз күні Нидал Айяд құрықталды. Айядтың жұмыс компьютерінде Дүниежүзілік сауда орталығындағы жарылысты өз мойнына алатыны туралы хат табылды. Дәл осындай хат жаралыстан 4 күннен кейін Nеw York Times басылымына келген болатын. Айяд жіберіп үлгермеген екінші хатта дайындалып жатқан жарылыс туралы баяндалды.

Айядтың телефон нөмірлері бойынша сараптама Нью-Джерсидегі жалға берілетін үй қожайынына шықты. Ол Саламе мен оның досы Рашидке үйді жалға бергенін растады. Үйді тексеру кезінде анықталғандай, бұл үй жарылғыш заттарды жасау цехы ретінде қолданылған. ФБР жарылғыш зат құрамын анықтаймыз деп, Саламенің сыбайласының шын есімін тауып алды. Ол өзін Рашид деп таныстырып жүрген Юзеф Рамзи болып шықты, оны Иорданиядан саяси баспана сұраған хаты арқылы тауып алды. Жалға алынған пәтер ФБР үшін айғақтардың алтын ордасына айналды.

Тергеушілердің қолында жарылғыш заттың химиялық құрамы мен оны жасаған үш лаңкестің есімдері болды. Осы уақыт бойы полиция күагерлерді іздеумен айналысты. Олардың айтуынша, Саламе мен Рамзидің қасында тағы бір ер адам болған. Телефон сараптамасының көмегімен оның Махмуд Абоахалима екені анықталды. Ол жарылыстан кейін дереу елден Мысырға қашып кетті. Жергілікті полициясы оны қамауға алды. ФБР Мысыр басшылығымен келіссөздер арқылы Абоахалиманы экстрадиялауға қол жеткізді.

Белгісіз Юсеф Рамзи!

Абоахалиманың айтуынша, лаңкестер лагерінде есімі Юсеф Рамзи болған Рашидпен танысты. Бұл есім тергеудің әр сатысында айтыла бола берді. Юсеф Рамзи деген кім? Ол халқықаралық терорист және жарылғыш зат маманы болды. Дәл осы Юсеф Рамзи Дүниежүзілік сауда орталығындағы жарылыс операциясын басқарған. Жарылыс күні ол АҚШ-тан кеткен болатын. Егер ол халқықаралық лаңкес болса, қалай АҚШ-қа қиындықсыз келе алды?

1992 жылдың 1 қыркүйек күні ол Нью-Йорке жалғыз емес, Ахмед Айяджамен бірге келген. Айяджаны әуежайда полиция қолға түсірген. Одан жалған куәлік пен жарылғыш зат дайындайтын кітаптар тәркіленді. Ол сол уақыттан бері түрмеде болды. Түрмеде отырған адамды жарылыс ұйымдастыруға қатысы жоқ деуге болады. Бірақ, оның телефон арқылы келіссөздерін тыңдаған ФБР қызметкерлері оның жарылысқа тікелей қатысы бар екенін дәлелдеді.

Теракт хронологиясы

Сот процесі басталып, ФБР бүкіл айғақтарды жинады. Осылай тергеушілер Дүниежүзілік сауда орталығындағы теракт қалай болғанын айтып берді.

1992 жылы қыркүйек айында Юзеф Рамзи Америкаға келіп, Мұхаммед Саламемен бірге тұра бастайды. Олардың екеуі де АҚШ қолдауын көрсететін Израильді жек көреді. Олар АҚШ-қа кек беру мақсатында жоспар құра бастайды. Жарылыс орны ретінде Дүниежүзілік сауда орталығын таңдайды. Жарылғыш затқа керек химиялық тауарларды сатып алып, оларды сақтау мақсатында Нью-Джерси маңындағы қойманы алады. Қойманы жалға алу үшін олар лақап ат қолданды.

Юсеф Рамзиде жарылғыш заттарды дайындау тәжірбиесі аз болды. Оған Ахмед Айяджаның өзі де, оның жарылғыш зат туралы әдебиеттері де жетіспеді. Сол себепті ол үш жақты телефон байланысын орнатты. Өзі Техас штаты Даллас қаласындағы досы Исмаил Эйядтың жұмыс нөміріне хабарласады. Осылай Нью-Джерсиде орналасқан пәтерді құпияда ұстайды. Ал Исмаил түрмедегі Айяджаға қоңырау шалады. Айяджа Рамзиге жарылғыш затты дайындау нұсқауларын айтып береді.

Барлығы бомбаны дайындауға өз үлестерін қосады. Нидал Айяд өз фирмасы арқылы жарылыстың күші одан әрі әсері көп болатындай сутегі баллондарын алады.

  • 16 ақпан – лаңкестер Дүниежүзілік сауда орталығына барып, жер асты тұрағының жоспарын сызады.
  • 22 ақпан – Исмаил Эйяд Далластан Нью-Йоркке ұшып келеді. Эйяд жарылғыш зат толған фургон жүргізушісі болған.
  • 23 ақпан – Мұхаммед Саламе DIS Leasing компаниясынан 400 доллар кепілдік беріп, фургонды жалға алады. Олар тағы мұнараға барып, математикалық тұрғыда жарылғыш зат орналасу жерін бекітеді. Жоспар бойынша жарылыстан солтүстік мұнараның дәл қасында орналасқан оңтүстік мұрнараға құлап кетуі керек.
  • 25 ақпан – Абоахалима мен Айяд жарылғыш затты толығымен дайындап қойды. Ал қалғандары бомбаны фургонға салуға көмектесті. Осыдан кейін, олар Манхэттенге барып, бір түнге конақ үйден бөлме алады. Бұл кезде өз үйінде Мұхаммед Саламе сағат 22:00-де фургон ұрлығы туралы полицияға хабарлайды. Саламе ұшаққа балаларға арналған билетті сатып алып, ол оны ересек билетіне ауыстыру үшін кез-келген қаражатқа мұқтаж болады. Сондықтан кепілдікке берген 400 долларды қайтару үшін полицияға фургон ұрлығы туралы хабарлады.

1993 жыл 26 ақпан, сағат 12:02 – 600 килограмм толған фургон Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасындағы жер асты тұрағына келді.

12:06 – лаңкестердің бірі бигфордтық жіпті жағып жіберді. Бір секундта жіп 1 сантиметрге жанады. Лаңкестер көлікпен тұрақтан кетіп қалды.

12:18 – лаңкестердің жоспары іске асады. Жарылыс толқыны мұнараның 4 қабатының шығу жолдарын жауып тастады. Бірақ есеп дұрыс шықпады. Солтүстік мұнара құламай қойды.

Лаңкестердің тағдыры

Дәл осы күні Юсеф Рамзи Пәкістанға, Исмаил Эйяд Иорданияға ұшып кетті. Бірнеше күннен кейін Махмуд Абоахалима Мысырға кетті. АҚШ-та қалған Саламе фургонға берген кепілдігін қайтарғаннан кейін дереу елден кетуге дайын отыр. Бірақ жарылыстан кейін табылған VIN-код оның тағдырын түгелдей өзгертеді...

1994 жылы мамыр айында Махмуд Абоахалима, Ахмед Айяджа, Нидал Айяд, Мұхаммед Саламе сот шешімі бойынша өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айрылды. 1997 жылдың қарашада Исмаил Эйяд пен Юсеф Рамзи қамауға алынды. Ал Юсеф Рамзи өмірің соңына дейін жалғыз өзі амерада өткізеді.

Халид Шейх Мохаммед

Бұл оқиғаның сыртында көзі көрмейтін жалғыз бір адам қалып қойды. Юзеф Рамзидің ағасы – Халид Шейх Мохаммед. Ол сол кезде жолаушылар ұшағын лаңкестік мақсаттарға қолдану жоспарын ойластырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар