Дариға Назарбаева БҰҰ өкілдерімен кездесті

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева БҰҰ бас хатшысының арнаулы өкілі Наталья Германмен және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирьяна Сполярич Эггермен кездесті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Дариға Назарбаева мен Наталья Герман Қазақстан мен БҰҰ-ның білім беруді дамыту, экология, әйелдер мен жастар бастамасын қолдау саласындағы әріптестік мәселесін талқылады.
Тараптар Қазақстанның Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығын құру туралы бастамасының өзектілігіне тоқталды.
Наталья Герман БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясын Алматыға уақытша орналастыру мәселесін жедел шешкені үшін БҰҰ атынан Қазақстанға алғыс білдірді.

Парламентте және жергілікті өкілді органдарда әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілген еді. Бұған қоса, Қазақстан Еуропалық одақпен бірлескен білім беру бағдарламасына Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқыту туралы бастама көтерді.
Наталья Герман алғашқы отырысы 2020 жылы желтоқсан айында өткен көшбасшы әйелдер кеңесін құру жөніндегі бастамасы үшін Дариға Назарбаеваға алғыс айтты.
- Нұрсұлтан Назарбаев қоры білім беру, жастар бастамасын қолдау саласындағы жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Әріптестік пен тәжірибе алмасуға біздің мүмкіндігіміз мол деп ойлаймын. Сол себепті, Дариға Нұрсұлтанқызы, сізді биыл желтоқсанда Ташкентте өтетін көшбасшы әйелдер кеңесінің келесі отырысына қатысуға шақырамын, – деді Наталья Герман.
Мәжіліс депутаты өз кезегінде қарттардың жұмысқа орналасуын, бос уақытын жақсы өткізуін, денсаулығын нығайтуға арналған бағдарламалар жасауға баса мән беруді ұсынды.
Дариға Назарбаеваның БҰҰДБ Еуропа мен ТМД бойынша Өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич Эггермен жүздесуі тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру мәселесіне арналды.
Мирьяна Сполярич Эггер Қазақстанда гендерлік мәселеге байланысты ТДМ мемлекетішілік бағдарламалар мен стратегиялардың сәтті түрде интеграцияланғанын ерекше атады.
БҰҰ өкілі Қазақстанның әйелдер құқығын қорғау, өңірлік деңгейде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бастамаларын оң бағалады.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар