«Черный рыцарь» мен «Шрек» АҚШ-тың ұлттық қазынасы ретінде танылды

cover

«Черный рыцарь» және «Шрек» фильмдері американдық фильмдердің ұлттық тізіміне енді. Бұл туралы Конгресс кітапханасының сайты хабарлады.

Конгресс кітапханасы жыл сайынғы мәдени және тарихи кескіндемелі ұлттық 25 фильмнің тізімін шығарды.

2020 жылдың тізіміне «Черный рыцарь» мен «Шрек» фильмдерінен басқа, Стэнли Кубриктің «Заводной апельсин», басты рөлде Джон Траволтаның қатысуымен «Бриолин», «Братья Блюз» комедиялық фильм-мюзикл, Фрэнк Синатраның «Человек с золотой рукой» фильмдері енген.

https://www.youtube.com/watch?v=1w1wBO-hlmA&feature=emb_title

«Бұл «Черный рыцарь» фильмінде жұмыс істегендердің барлығы үшін үлкен мәртебе ғана емес, сонымен қатар ондаған жылдар бойы ұлы Бэтмен мифологиясында жұмыс жасаған барлық керемет суретшілер мен жазушыларға деген құрмет», - деді режиссер Кристофер Нолан.

https://www.youtube.com/watch?v=DX5KvBe7wpg&feature=emb_title

«Ұлттық фильмдер тізімі - бұл өнердің ең үлкен түрлерінің бірінде қамтылған американдық тарихтың, мәдениеттің және шығармашылықтың маңызды жазбасы», - деді Конгресстің кітапханашысы Карла Хайден.

Тізім 1988 жылы құрылды, оған кем дегенде 10 жыл бұрын түсірілген фильмдер қосылды. Әзірге таңдалған фильмдердің жалпы саны 800.

Осы тізімдегі барлық фильмдер Конгресс кітапханасында сақталады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар